«Қазақ тілі сабақтарында грамматиканы терендетіп оқытудың» элективтік курсы .

Жұмыс дәптері.

Орындаған: Қожахметова Мақбоза Төлендіқызы

М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектеп

Бірінші сабақ

Кіріспе сабағы

Тапсырмаларды орындау

Сөздерді сөз құрамына талдау, қосымшалардың түрін  анықтап жазу.

I – тапсырма.

 

I –топ: қаласында, өзендері, көлдері, көшелерінде, көшелердің, ықшамаудандарында, қаласының, астанадан, таудың, дүкендерде, кітапхананың, ескерткіштерді, әуежайдың, темір жолдар, вокзалдан;

            II –топ: оқушылар, әншісін, айтпа, келіңдер, әкелме, жазамыз, дәрігермін, көкөністер,, дүкенге, үйден, балалық, үй-іші, көңілсіз, ақылды, жеңіл, замандас, совхоз, кеше,күншығыс;

            III –топ:  қарауын, сөйлеспеуіңіз, бармауларың, ықшамаудандарда, азық-түлікке, атасының, ұлттық, кепілсіз, әдебиет, қауіпсіздікпен, оқу бітірушілерге, жүзің, тәрбиелісіңдер, жоқшылық.

 II – тапсырма.

- Түбірлес сөздерді үлгі бойынша жазу.

             Үлгі: оқу                            жазу

                      оқу-шы                     жаз-ды

                      оқу-шы-лар              жаз-ыңдар

Оқу, оқулық, жаз, кел, оқушылар, жазды, жазушылар, келді, келушілер, жина, аш , жинады, ашты, аштың, жинадың, жу, ки, жуды, киді, жуыңдар, киіңдер, ал, алды, алыңдар, жи, кір, кірді, кіріңдер, бар, барыңдар, сату, сатушы, сатыңдар.

III – тапсырма

- Көптік ұғымды көрсетіңдер.

I - топ:          1.Менің анам дүкеннен сүт әкелді.

                             2.Базарда жарма, тары бар.

                             3.Қазақстанда қазақ, орыс, неміс, ұйғыр тұрады.

                             4.Үстелде нан, сүт бар.

      II – топ:          1.Менің атам қымыз ішіп отыр.

                              2.Оқушылар сабаққа келді.

                              3.Көп адам қонаққа келді.

                              4. Әлденеше кісі үйге кірді.

      III – топ.         1.Дастарқанда бауырсақ, кәмпит, қант, нан бар.

                              2. Үстелде бауырсақ жатыр                                                                                                                                    .                             3. Бірнеше күн өтті.

                              4. Жайлауда қой, сиыр жайылып жүр.

                                                

«Тіл тағдыры – халық тағдыры» тақырып бойынша әңгіме құру, өз ой-пікірлерін айтқызу.

                                                                                                                                                                                     

 

 

 

Сөз құрамының кестесі

 

 

 

                                                                                                                                                                            

 

4 –тапсырма.

Мәтінді оқу,  тапсырмаларды орындау.

 

 I-топ: «Қазақ тілі туралы қысқаша мәлімет».

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол түркі тілдері тобына жатады. Қазақ тілі сияқты  тілдерінің тобынан тараған қазіргі қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, түрікмен, әзірбайжан, ұйғыр, чуваш, тува, саха (якут), т.б. тілдерінде сөйлейтін халықтар бір- бірімен еркін түсінісе алады. Сол себепті бұл тілдер өзара туыстас тілдер болып есептеледі. Ал, қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт тілдері бір- біріне өте жақын. Өйткені бұлар жалпы түркі тілдерінің бір тармағы – қыпшақ – ноғай тобынан өрбіген тілдер. Қазақ тілі өзінің көп ғасырлық дамуы барысында рулық тіл дәуірін де, тайпалық тіл дәуірін де, халықтық тіл дәуірін де басынан кешірді. Ол осы уақыт бойы қазақ халқының өзара тілдесу қажеттілігін өтеп келімен қатар, оның рухани байлығы –ауыз әдебиетін атадан балаға мұра етіп ауызша жеткізді. Мұны «Ер Төстік», «Аяз би»,сияқты қазақ ертегілерінен, «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Алпамыс» тәрізді батырлар жырынан , «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» секілді ғашықтық жырларынан, сонымен бірге халқымыздың аса мол  мақал-мәтелдерінен, жұмбақтары мен жаңылтпаштарынан көруге болады.

   

1.Мәтіннің негізгі мазмұны бойынша бірнеше сұрақ қой.

2.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып танылу себебі неліктен?

3.Осы кезге дейін қазақ тілі қандай күйде болып келді?

 

II –топ : «Өмір талабы»

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.

            Қазіргі уақытта көп тіл білу - өмір талабы. Көп тіл білетін адамды  полиглот деп атайды.

            Қазақтар: « Өне алды- қызыл тіл», - дейді. Өз ойын шешен тілмен жеткізе білгендерді ерекше бағалайды..

            Тілінен айырылған халық ұлттық қасиетінен айырылады. Ол халық ретінде жоғалады.

            Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Ол сөз құрылымы жағынан жалғамалы тіл болып табылады. Қазақ тілі - өте бай, көркем тіл,   

            Тіл үйренуші шәкірттер! Г.Гегельдің мына сөзін есте сақтай жүріңдер: «Білімділіктің ең басты факторы ана тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.» Өз ана тіліңдң қадір тұтсаң,  ата-анаңды, еліңді сүйе алмайсың.»

  

1.Жасалған жоспар бойынша қысқаша әңгіме құрастырыңдар.

                       Жоспар:

1.Тіл адамға қарым – қатынас үшін керек.

2. Полиглот болу- өмір талабы.

3. Тіл-халық тағдыры.

4. Ана тіліңді сүй.

5. Қазақ тілі өте бай тіл.

 

III- топ: Мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің мәнін түсіндіріңдер, жаттап алыңдар.

1. Ана сүті бой өсіреді,                                 2. Анам берген туған тілім,

    Ана тілі ой өсіреді.                                       Атам берген құрал тілім.

  

3. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,             4. Ана тілін білмеген

    Тілім барда айтылар сыр ойдағы.                Ақылы жоқ желікбас.

    Өссе тілім, менде бірге өсемін,                    Ана тілін сүймеген

    Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.                 Халқын сүйіп жарытпас. 

                                     (Ә.Тәжібаев)                                          (Б.Сарноғаев)

5. Тәрбие басы-тіл,                                         6. Игі істің басы – тіл,

    Өмір алды –тіл.                                              Тәрбие басы –тіл.

                                                                                                     (М.Қашқари)

 

7. Тіл аспап сияқты, оны жақсы білу керек, жақсы меңгеру керек.  (М.Горький)

8. Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ.   (Ш.Айтматов)

9.Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры.  (Б.Момышұлы)

10. Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.  (Н.Назарбаев)

 

Қорытынды бақылау.

Тіл тақырыбына шағын тест.

 

1.Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?

    а)  1991   ә)  1989   б)  1987

2. «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» деп кім айтқан?

    а)  Ш.Айтматов   ә)  С. Мұқанов               б)  Ғ. Мүсірепов

3. Қазақ тілі кандай тілдер тобына жатады?

    а)  араб   ә)  парсы               б)  түркі

4. Тіл туралы заң қашан қабылданды?

     а)  1997   ә)  1990   б)  1989

5.  Ол неше баптан тұрады?

     а)  30   ә)  22   б)  27

6. Қазақстан Республикасында тілдер мерекесі қашан?

     а)  18 желтоқсан   ә)   30 тамыз   б)   22 қыркүйёк

7. Тіл туралы заңның нешінші бабында Қазақ тілі туралы айтылған ?

     а)   4   ә)   5   б)   7

8. Мемлекеттік тілді неге үйреніп жүрсің?

     а)   ол бағдарламада бар   ә)   менің парызым   б)   маған ұнайды

9. Мақалды жалғастыр «Өнер алды - ... »

     а)   мәдениет   ә)   тіл   б)   ұлт

10.  Қазақ тіл білімінің негізін салушы

   а) А. Байтұрсынов   ә) Ы. Алтынсарин   б) А. Құнанбаев

 

Еске ал

   

            Мемлекетіміздің діңгегі – қазақ халқы. Ел де, жер де – қазақтікі. Ел болудың ұяты да біздің жұрттың мойнында.

                                                                                                                  Н.Назарбаев.

            Тәуелсіздіктің оралғаны – біздің ата – бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі.  Жаратқан Иенің жасаған әділдігі, Ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзамен ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғаның арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді.

                                                                                                                 Н.Назарбаев.

    Адам баласының ең жаманы талапсыз.

                                                                 Абай.

 

    Өмірдің алды –  үміт, арты - өкініш.

                                                                Абай.


«Тіл не үшін керек?»  кластер бойынша сөйлемдерді құрастыру.

 

нығайту

 

дамыту

 

құрметтеу

 
 

 

 

 

 

 

 

 



Екінші сабақ       

Тақырып: «Сөздің тура мағынасы және ауыспалы мағынасы »

 

Мағыналы сөздер дегеніміз – атау болатын сөздер. Олар мүмкін тікелей заттың, құбылыстың атауы немесе оның (заттың) сынының яки әрекетінің атауы болады. Мысалы, кәрі жартас дегенде жартас заттың атауы болса, кәрі – заттың сынының атауы.

            Мағынасыз сөздердің мәні сөйлемдегі байланысында ғана. Мағынысыз сөздерге: шылау, демеу, демеуліктер, одағайлар жатады.

            Сөз мағынасы туралы түсінік.

             Сөздің мағынасын анықтау , тарихи даму барысында сөз мағынасының сапалық өзгерістеріне талдау жасау – лексикологтардың алдында тұрған міндет – дейді акдемик В.В.Виноградов.

            Шынында да, сөздің мағынасы бірімен – бірі ұштасып, бірімен – бірі байланысып жатады. Мысалы, Биыл егін жақсы шықты.  Биыл астық мол шықты сөйлемдердегі астық, егін  немесе жақсы, мол деген сөздердің әрқайсысының өз алдына тұрақты мағыналары болғанымен, констекстегі мағыналарына қарай , кейде бірінің орнына бірі қолданыла береді.

            Сөз мағынасының құбылуы – сөздің грамматикалық тұрақтылығын әлсіретіп , бір сөз табынан  екінші бір сөз табына ауыстырып отырады. Бұл жөнінде  сын есімнің мен зат есімнің , яғни есімдердің , ара жігі тым тұрақсыздау. Мысалы: Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім категориясын жасайтын сапалық сын есімдердің бәрі де септік жалғауын жалғаса-ақ заттанып, зат есімге айналып кетеді. Көптеген сын атаулары зат атауымен ұштасып жатады. Мысалы: Кішкентайларға көмек көрсету керек.

            Тапсырма:   

1. Байлар біздің еңбегіміздің қаймағын жесе, біз әлі өз еңбегіміздің қаспағына да қолымыз жете алмай жүрміз. (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемде қаймақ, қаспақ  сөздер қай мағынада қолданылып тұр?  Орысшаға аудар.

2Тарлан(сивыймасть лошади), сұңқар, түйе,қасқыр, шошқа   сияқты сөздер қандай эмоцияны аңғартады?

            Түлкі, жылан, есек  сияқты сөздер қандай эмоцияны білдіреді?  (Жағымды, жағымсыз)

3.  Ақ  сөздің тура мағынасын көрсет, қосымша мағынасын келтір.

 

 Сөздің ауыс мағынасы.

            Ауыс мағына дегеніміз де сөздің негізгі мағынасынан дамиды. Мысалы, жар деген сөзді алайық. Оның негізгі мағынасы – сайдың екі жағында кездесетін тік жаға. Ол қия тас болуы да немесе тік құлама топырақ болуы да мүмкін. Тік болса жар деп атайды. Осының ауыс мағынасы – үйдің қабырғасын жар дейді. Ал қабырға дегенді алсақ, негізгі мағынасы – қабырға сүйегі болса, ауыс мағынасы үйдің қабырғасы, қораның қабырғасы. Бас деген сөздің таудың, қарағайдың басы дегендегі мағынасы – адамның басына ұқсатып айтқандықтан, яғни ауысу заңы бойынша жасалған мағына.  Бір бұлақтың басында үш жолаушы кез болыпты. (Ы.Алтынсарин.) Отырса от басында, көшсе, көш басында. (мақал). Бірге оқыған құрбыға  Бас бәйгені бермедің. (А.Құнанбаев.)

                            Төре болдың, бас болдың,

                            Көкірегіңді кермедің !

                            Бас инженер  кетті дейді көруге,

                            Жерді көріп, өз бағасын беруге.      (Х.Ерғалиев.)

 

1 -тапсырма: Бас сөздің әр түрлі мағынада тұрғанын түсіндіріңдер.

Құлаған қызыл әскер басын бір көтеріп алды да қайта құлады. (Ғ.Мүсірепов).      

Басы аманның малы түгел. (мақал)

Шу өзеннің басы Алатаудан басталады. (оқулықтан)

Жандос үйіне қос басынан кеш қайтты. (С.Адамбеков) .

Ауыл жақтан ақсаңдай басып орта жасты бір еркек келді. (Б.Майлин).

Бұл дәрі дене қызуын басады. (Е.Оразақов)

Ағаш, шөп басы.    Қыстың басы.   Бас жауы.   Үсті – басы.

 

2 – тапсырма. Сөйлемдерден тура мағыналы сөздерді, ауыспалы мағыналы сөздерді тауып көшір

1. Күздің ашық бір күнінде Оля мен Нина бақта қыдырып жүрді. 2. Көпті көрген сары тіс    айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. 3. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болады. 4. Қорқытады діңгірлеп бәйбішесі азулы.5. Біздер үшін табыс таразысы – мол. 6. Пікір таласы – шындық анасы.

7. Беті туманнан көрінбейді. 8. Жау беті қайтарылды. 9. Шөлмектің мойны  ұзын.

 

Тест сұрақтарын орындау.

1. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұран сөзді тап.

        а) техниканың тілі   ә) терең су   б) есік ашық   в) адамның мойыны   г) адамның басы

2.  Тура мағынада жұмсалып тұрған сөзді көрсет.

        а) шөлмектің мойыны   ә) жапырақ нан   б) көңілі ашық   в) жер бесік   г) терең ой

 3. Қай сөз ауыспалы мағынада қолданылған , дұрысын тап.

             Сенің шешен болғаның -

             Жер халықтың арқасы.

             Сенің көсем болғаның -

             Ер халықтың арқасы.

        а) халықтың   ә) шешен   б) көсем   в) сенің   г) арқасы

4. Сөздің ауыспалы мағынасын тап.

        а) Шәугімдегі судың қалғанын төкті. ә) Домбырадан күй төкті.   б) Етегіңдегіні  төк.

        в) Қадиша күл төкті.   г) Қалған ас итке төгілді.

5. Ауыспалы мағынаны көрсет. 

        а) Көкжиек қызыл арай нұрға бөленді.   ә) Таң арайлап атқанша әдемі түс көр.

        б)  Бақытты тауып, өмірі арайланып жүре берді./   в)  Күн арайланып нұр шашты.

        г)  Ертемен қарсы алдым таң арайын.

6.  Тура мағыналы сөзді тап.

        а) ыстық сезім   ә) суық мінез   б)  таяз су   в) байлықтың көзі   г) тәтті ұйқы

7.  Ауыспалы мағынаны көрсет.

        а)  Тарамыс мықты болса, тігіс те мықты.   ә)  Тарамыс денелі, талдырмаш бала екен.

        б)  Ескі мәсін тарамыспен тігіп алды.  в)  Тарамыс- етік тігетін мықты жіп.

8.  Тура мағыналы сөзді көрсет.

        а)  жылы жүзді   ә)  жылы сөз   б)  жылқы жылы   в)  жалы ән   г)  су жылы

9.  Тура мағыналы сөзді тап.

        а)  Өз көзімен көрді.   ә)  Әкесінің көзіндей.   б)  Бұлақтың көзі.  в)  Істің көзін табады.

        г)  Елдің көзі көрген.

10.  Сөздің ауыспалы мағынаны тап.

        а)  саяси арпалыс   ә) арпалысқан ой   б) боранмен арпалысу   в)  дұшпанмен арпалысу

        г)  арпалысу, алысу.

11.  Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсет.

       а)  Ақ көйлек   ә)  Істің ақ, қарасы тексерілді.   б)  Жігерлі адам.    в)  Қара киім.

        г)  Қызыл шапан.

12.  Тура мағынада жұмсалған сөзді көрсет.

        а)  қалың қол   ә)  қалың кітап   б)  қалың жаңбыр   в)  қалың ел   д) қалың мал

13.  Ауыспалы мағынада тұрған сөзді тап.

        а)  қараңғы ел   ә)  қараңғы түн   б) қ араңғы бөлме   в) қараңғы шошала  

        г)  қараңғы   қора.

Үшінші сабақ    

Тақырып: « Сөздердің мағыналық топтары: омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеолгизмдер, мақал – мәтелдер»

 

Омонимдер туралы түсінік.

Қазақ тілі лексикасында омонимдер әр сөз таптарында жиі кездеседі.

            Айтылуы, дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары  бір – бірінен мүлде басқа сөздерді омоним дейміз.

       

Омоним толық (лексикалық) , жартылай (лексика-грамматикалық), аралас  омонимдер үш топқа бөлінеді.

  

Тапсырма : Омоним сөздермен сөйлем құрастыр; қымбат - ( дорогой,; ценный; дорого). Ер - ( седло; герой; муж; храбрый). Қону ( опуститься (на землю), приземлиться; сесть; ночевать). Аудару – (опрокмнуть, переводить; ссылка; перелистывть).

 

Синонимдер туралы түсінік.

Синоним дегеніміз – мағынасы жақын болғандықтан белгілі бір контексте бірін –бірі белгілі контексте бірін – бірі алмастыруға жарайтын сөздер.

            Сонымен, синонимдер бір мағынадағы сөздер емес, мағыналары бір – біріне жақын сөздер.  Мысалы : қысқа, келте, шолақ деген үш сөз бір – біріне белгілі жағдайда ғана синоним бола алады.  Мысалы : қысқа құйрық ит емес, шолақ құйрық ит ; сондай – ақ қысқа ағаш дегенде, шолақ, келте сөздері синоним бола алмайды. Бұнда қысқа сөзінің орнына  аласа алынуы мүмкін.

             Мысалы , ұстаз және мұғалім сөздерін салыстырсақ, мағыналас, синоним сөздер. Бірақ олардың реңктерінде өзгешелік те жоқ емес. Ұстаздық еткен жалықпас. Үйретуден балаға. (Абай). Мұғалім оқушыларды сыныпқа кіргізді, осы екі сөйлемде ұстаз және мұғалім сөздерінің бір- бірінен өзгешелігі аңғарылмайды. Себебі бұл екі сөз тек оқыту мағынасында ғана синоним бола алады. Ұстаз деген сөзінің мағынасы мұғалім сөзіне қарағанда әлдеқайда кең.  Сондықтан да ұстаз тұту, ұстаздығын көру сияқты тіркесте мұғалім сөзін қолдануға болмайды.

     

Қазақ тіліндегі синонимдер төрт түрлі жолмен жасалады.

            1). Сөздің көп мағыналы болуына байланысты пайда болған синонимдер.

                         Сағыныш па?

                         Қалай оны тауыса аламын,

                         Сағынғамын, шөлдеген, аңсағамын.

                         Ақыры шаршағанмын, шаршағамын.       (М.Мұқатаев).

Осы тіркетегі сағынамын, аңсағамын, сөздері ішкі мағынасымен (сағын, аңса) жақын келеді. Ал, шөлдеген сөзі тура мағынасында шөлдеу, сусау сөздерімен синонимдес. Ал, келтірілген үзіндіде шөлдеген сөзі ауыспалы мағынада қолданылып, қатар түрған сағынамын, аңсағамын сөздеріне синонимдес болып тұр. Олай болса, көп мағыналы сөздің әр мағынасы жеке – синонимдік қатар жасай алады екен.                                                                Мысалы : Бәле –жала, , шатақ, дау – жанжал ,

                   бәле  - қырсық, кесел, кесапат, кедергі,  

                   бәйге – жарыс, ойын,

                   бәйге – сыйлық, жүлде,

                   тура дұрыс, жөн, түзу,

                   тура тік, тіке,

                   тура – шақ, дәл.

 

2). Сөз тудыру тәсілдері арқылы пайда болған синонимдер.

а) аффикстер арқылы : ойлы – ақылды, басшы – жетекші, ұқыптылық – жинақылы, жоқшылық – кемшілік, т.б.

ә) сөздерді біріктіру арқылы: еңбекақы – жалақы, қанішер – қанқұйлы – қаныпезер.

б) сөз қосарлау арқылы ; өліп - өшу, жығылып – сүріну, көпе – көрнеу, ашықтан – ашық, болар – болмас, азын – аулақ.

            в) сөз тіркесі арқылы : иіс су – май, көк ет – бауыр ет.

г) кірме сөздер мен төл сөздердің мағынасындағы пайда болған синонимдер. Мысалы : тағдыр (араб) – жазмыш., шәкірт (парсы - оқушы, аймақ (монг.) - өңір, атрап , т.б.

ғ) фразеолгизмдер мен жеке сөздің синонимдестігі. Мысалы :  қас пен көздің арасында – тез, шапшаң .Төбе шашы тік тұру – қорқу. Тайға таңба басқандай – анық, т.б.

 

Антонимдер.

Мағыналары бір- біріне қарама –қарсы сөздер антоним дейміз.

            Мысалы : жарық – қараңғы, қуаныш – реніш, жылдам – ақырын және т.б.

   

Тұрақты тіркестер ( фразеологизмдер)  - екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы  бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері.

            Мысалы : тас бауыр – мейірімсіз, шөптің басын сындырмау -  жалқау .

 Жұмысқа  ат үсті қарауға болмайды – жеңіл  - желпі деген мағынада  фразеолегиялық тұтастық болып саналады.

            Мақал мен мәтелдер және  қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпына жасалатыны, құрамының тұрақтылығы ескеріледі.

            Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында шарт немесе байымдау, соңғысында  қорытынды, түйінді пікір айтылады.

            Мысалы : Кең болсаң , кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз. Бидайдың кеудесін көтергені – дақылы жоқтығы , жігіттің кеудесін көтергені – ақылы жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе , мақал сөздің сәнін келтіреді және т.б.

            Мәтелдерде ой – пікір топшылау мақалдардағыдай, тікелей кесіп айтылмайды да, образды түрде жаналмай айтылған ишара болады.

            Мысалы : Айдағаның екі – ақ ешкі, ысқырығың жер жарады. Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда. Үй менікі демеңіз, үй артында кісі бар. Ағама жеңгей сай. Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма? Лақ та өлерде тұяғын серпеді. Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді. Байтал түгел бас қайғы. Батырға да жан керек. Мұртқа өкпелеп жүргенде сақал шығады т.б.

            Фразеологизмдерде дәлме – дәлдік пен өткірлік, мысқыл мен сықақ араласа жүреді.

 

Тапсырма : Тұрақты сөз тірестердің  синоним сөздерін табыңдар.

            Суға да батып, отқа да жанды.  ( төзімді)

            Суға солма батпайды, отқа салса жанбайды. (жігерлі, күшті)

            Судай жаңа, су жаңа .   (әдемі)

            Судай сапырды .   (мылжың)

            Судай сіңіп , тастай батып. ( бауырмал)

            Су жұқпас шешен.   (айлакер)

            Су жүрек .   ( қорқақ)

            Су қараңғы .    (соқыр)

            Сумаң қақты .   (өсекші )

            Су мұрын .   (бос адам)

            Су сепкендей басылды.   (лезде)

            Су сүйектеніп қалды .   ( қатты)

            Су татиды .   (дәмсіз)

            Су тігізбеді, шаң жұқтырмады.   (мәпеледі)

            Су түбіне батырды .   ( ұятқа қалдырды, алдап кетті)

            Суын сүт қып алды .   (арам)

            Су ми .   (дүлей , ақылсыз)

            Күн жаумай су болған .   (сорлы, бейшара)

            Су жұқпас .   (қу, айлакер)

 

Тапсырма : Тест сұрақтарын орындау.

1.Тұрақты тіркес мағынасындағы сөзді тап.

    а) Түймедейді түйедей қылу.   ә) Қою қара қас.   б) Ойлы бала.   в) Қалта сағат.

    г) Әдемі қыз.

2.  Қарама – қарсы мәнді сөзді тап.

    а) Қарт, қария.   ә) Күндіз , түсте.   б) Жарық , қараңғы.   в) Тұлға, сымбат.

    г) Тебіншек, шегіншек.

3. Синоним сөздерді тап.

    а) Ақылдасу, кеңесу.   ә) Алды – арты.   б) Жүзік, алқа.   в) Бала , туыс.   г) Қой , ешкі.

4. Тұрақты сөз тіркесін тап.

    а)  Көпірден өту.   ә)  Қара торы қыз.   б)  Мөлдір су.   в)  Әдемі жазу.

    г)  Жұмған аузын ашпау.

 5. Антоним сөзді көрсет.

     а) Сертшіл – уәдешіл.   ә)  Етек- жеңі.   б)  Өлең – ән.   в)  Ағызу – тыю.

     г)  Айында – жылында.

6.  Антонимдік жұпты тап.

    а) Бойшаң – сұңғақ.   ә) Кейіп – кескін.   б) Белдесу – тіресу.   в)  Бейнет - зейнет.

    г)  Билік - әкімдік.

7.  Синоним сөздерді тап.

    а) Қала , ауыл.   ә) Сабырлы, салмақты.    б)  Жұмыр , жұпар.   в) Қазы , қазына.

    г) Жақсы , жаман.

8.  Антонимдік жұпты көрсет.

    а) Телефон – автомат   ә)  Аяқтау – бітіру.   б)  Төбе шашы тік тұрды – қорықты.

    в)  Бетінен оты шықты – беті бүлк етпеді.   г) Адамның баласы – бауырың.

9. Омоним болатын сөзді тап.

    а) Буын.   ә) Кел.   б) Елп.   в) Сызғыш.   г) Қозы.

10.  Антонимдік жұпты тап.

    а) Тозақ – тамұқ.   ә) Далбаса – данышпан.   б) Сүю – жек көру.    в) Тапсырма – аманат.

    г) Соғыс – қан төгіс.

11. Синонимдерге қандай сөздер жататынын айт.

    а) Мағыналары қарама – қарсы сөздер.    ә) Заттың түсін білдіретін сөздер.

    б) Дыбысталуы әр түрлі, мағыналары жақын сөздер.   в) Адамның көңіл – күйін  

    білдіретін сөздер.   г) Заттың атын білдіретін сөздер.

 12. Антоним сөздерді көрсет.

    а) Шабу – ору.   ә) Тұнжырау – жадырау. /   б)  Үрпию – ербию.   в)  Шайтан – пері .        

    г)  Жанды – жақты.

13.  Тұрақты сөз тіркесін көрсет.

    а)  Қас пен көздің арасында.    ә)  Қою қара сақалды.   б)  Бері жібер.   в)  Қара торы.

    г)  Ақ шұбар.

14.  Антоним сөздерді көрсет.

    а) Тыным, тыныштық таппаған.   ә)  Жақсылық пен жамандық болды егіз.

    б)  Адамның басы, көрікті бас.   в)  Бұран бел, алма мойын.   г)  Ара гүлге қонды.

 15. Тұрақты сөз тіркесін тап.

     а)  Күндердің күнінде.   ә)  Ер жігіт.   б)  Жұртпен сөйлесу.   в)  Уайым жеу.

     г)  Ауыспалы ту.

16.  Антоним сөздерді тап.

     а)  Үлгі - өнеге.   ә)  Ілгерінді – кейінді.   б)  Шеше – ене.  в)  Шаншу – түйреу.

     г)  Хабар – дерек.

 

1 – жаттығу. Төмендегі тұрақты сөз тіркестерінің дұрыс аудармасын тап.

I. Не успешь оглянуться ; на краю света.

          1. Көз көргені ; елдің шеті.

          2. Көзді ашып жұмғанща ; көз көрмес , құлақ естімес жер.

          3. Бір шоқып, екі қарау ; жердің жиегі .

          4. Көзі ажылу ; айтуға аузың бармайды.

          5. Көз тоқтату ;  ағама жеңгем сай.

 

    II. Стоять на своём ; рукой подать.

1.      Айтқанынан қайтпау ; иек астында.

2.      Сөз айту ; айырылып қалу.

3.      Сөз айтпау ; қолына беру.

4.      Зым – зия болу; қолдан қолға көшу.

5.       Қапы қалу ; қол жеткізу.

 

2 – жаттығу. Көп нұктенің орнына тұрақты сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді қойып жаз. Өзіңді жауап кілт бойынша тексер.

Үлгі : Жұмған аузын ашпау – үндемеу.

Керекті сөздер:   қызғану, үндемеу, жалыну, келісу, ұйықтамау, қорқу, батыр, тоңу, айқайлау, күту.

1. Жұмған аузын ашпау - ... . 2. Қызыл итке жем болу - … . 3. Көз ілмеу - … .  4. Төбе шашы тік тұру - … .  5. Сөзге келмеу - … . 6. Өлердегі сөзін айту - … . 7. Тісі тісіне тимеу - ... . 8. Үйді басына көтеру - … . 9. Жүрегінің түгі бар - … . 10. Екі көзі төрт болу - … .

 

3 – жаттығу. Берілген сөздерге синоним келтір.

   Жігіт -                             ас-                            күресу -                        байлық -

   орман –                           түрген -                   тірлікте -                      оқымысты –

   халық –                           ыза -                        бейне -                          ықыласпен - 

   артты –                            зорға -                     нағыз -                          дарынды     -       

   ата –                                еңбекші -                 байлам -                       сөз басы -

   кейін-                              мадақтады -             биік -                            атақты -

 

4-жаттығу. Синоним сөздерді  теріп жаз.

Зат, кіші, нәрсе, күш, бұйым, ақ, сұлу, биік, әдемі, жүзік,  құрметті, сақина, қадірлі.

 

5- жаттығу. Фразеологиялық тіркестерді жаттап ал.

Атасының арқасында – благодаря деду; тар жол, тайғақ кешу – трудный путь, тяжёлый переход, хождение по мукам;  көненің көзі – свидетель старины;  өшпес ізі сайрап жатыр – оставлен неизгладимый след ; көздің жауын алады – привлекает взоры ; өз алдына келіп түсті –вернулся к нему; қол ұшын берген еді -  помог; қадір тұтқан адам – уважаемый человек ; ұйып тыңдап отыр – слушают внимательно; қиын – қыстау шақта- в трудное время ; қабақ шытқан емес – довольные ; жұрттың көзі түсті – привлекть внимание, бросаться в глаза; жүнжіп кету – повесить голову, быть в подавленном состоянии; екі иығында екі кісі мінгедей – очень широкоплечий, могучего телосложения ;  бетіне түгі шықты – рассердился ; ашу оты ойнап шыға келді – рассердился ; ақ самайы – белые виски, старая ; аяусыз қимылдаған ауыр қол – безжалостная рука ; өз басының намысын - свою честь; піл мойынды – толстая шея ; палуанын шықты – победитель ; аты шығатын адам – быть знаменитым , известным.

 

Төртінші сабақ    

Тақырып : «Қазақ тіліндегі фонетика саласы.»

 

Фонетика (гректің сөзінен шыққан ) – тіл ғылымының басты  бір бөлімі.

Фонетика жалпы түрде айтқанда , тілдің дыбыс жүйесін  тексереді.

 

Тапсырма :  Берілген сөздерге екпінді  дұрыс қой және екпіннің түрін анықта.

Бақытты болыңдар , сүйікті достар!  (лог.)

Көрші , біздің үйге  кір!. Мына сүретті көрші!  Оқушы +мын, жаз +ба, дәптер +ім, айт +па, кітаб +ым үйде, сынып +тас, келе +мін, үлкен +мін, бар +ма, менің дос +ым.

 

 Тест сұрақтарын орында.

1.  Соңы үндіге аяқталатын сөзді көрсет.

А) Міндет .  В) Кеңесары.  С) Ағаң .  D) Көрпеш .  Е) Қозы.

2. «Қара ала » сөзіндегі үндестік орнын көрсет.

А) тұрақты тіркесте.  В) күрделі сөзде. С) түбір сөзде . D) қос сөзде.  Е) біріккен сөзде

3. Кейінді ықпалды көрсет.

             А) Қалалық.  В) Күз сайын.\  С) Қала.   D) Жүсіпбек.  Е) Ақмоладан.

4.Қатаң дауыссыз дыбысты көрсет.

            А) Т, с, м, һ. .  В) Х, қ, с, ғ.  С) Ү, с, л , й . D) Ф, қ , к , ж.

5. Кейінді ықпалды тап.

            А) Қамысбай .   В)  Ала кел .  С)  Арбакеш .  D) Қара қой .  Е)  Ақ лақ.\

6.  Жуан дауысты  дыбыстарды тап.

            А) А ,Ә , Ы , І .  В) О , Ұ , А , Ы .  С) Е , І,  Ә , Ү . D) Ұ ,О , А , Ә .

7. Ұяң дауыссыз дыбыстарды тап.

            А) Ф ; В; З; Ж .  В) З; Ғ; Д; В.   С) Л ; М; Н; Ң.   D) К ; П ; С; Т.

8. Үнді дауыссыздар тобы қайсы ?

            А) К ;Т; С; П; Ш .  В) Б; В; Г; Ж; З.   С) М; Н; Ң ; Р; Л; Й; У . D) Б; Н; М; З; Ш .

9. Қай қосымша  буын үндестігіне бағынбайды.

А) ға,-ге,- қа -ке.  В). –ды,ді,- ты -ті.  С) –мен -бен - пен. D) –лар, -лер. Е)-дан-ден-тан.

10.Бірыңғай ашық дауысты дыбыстан тұрған сөзді тап.

            А) Нілжан, Қанат.  В) Ләззат, Үміт.  С) Кәрім , Сәбира. D) Зәуре , Шолпан.

Е) Рәшит, Есет

11. Бітеу буыннан құралған сөйлемді көрсет.

А) Ауылдағы жағдай қалай? В) Қызмет, маңсап көп жұрттан қалған. С) Сатушы мен сатып алушы бәсекелес. D) Тексеріс әлі жүріп жатыр. Е) Ықылас жасынан білімге бейім өсті.

12. Тек салдырдан жасалатын дыбыстардың атауы.

            А) Үнді .  В) Ашық .  С) Қысаң .  D) Қатаң.  Е) Жуан .     

13.  Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап.

            А)  Ба cп- а- сөз- ен . В) А-лыс-тан .  С) Ша-ппа-шот.  D)  Нег-а-т-ив. Е) Ал-ыс-тан

14. Кейінді ықпалды көрсет.

            А) Өмір.   В) Ағашпен.   С) Жұмысшы.    D) Өміршең.  Е)  Әншілер.

15. Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді көрсет.

            А) Өп - өтірік .  В) Қос тігу .  С) Хош иісті . D) Қолы ашық.  Е) Өсек - аяң .

16.  Екпін анықтамасы :

А) Сөз мағынасын өзгертеді.  В) Сөз мағынасын түрлендіреді.  С) Сөз мағынасын түрлендіреді , өзгертеді. D) Сөз мағынасын айқындайды, өзгертеді. Е) Сөз мағынасын айқындайды . \

17. Буын үндестігіне бағынбай тұрған  қосымшалы сөзді көрсет.

            А) Астананың .  В) Жігері . С) Өсімтал . D)  Жүрекке . Е) Берекелі .

18. Кейінді ықпалды көрсет.

А) Өзеннен өту.   В) Жұмыс шамасы.  С) Апамдікі. D) Ұрысқақ адам. С) Пайда күнім

19. « Ала кел »  сөзіндегі дыбыстық өзгерістің орны.

А) Түбір сөзде. В) Біріккен сөзде.С) Сөз аралығында. D) Қос сөзде. Е) Туынды сөзде.

20. Буын түрлерінің саны.

            А)  1.   В) 2.   С) 3.   D) 4.   Е) 5

21.  Қысаң дауыстылар бар сөзді тап.

            А) Қимыл . В) Айқайлау. С) Өзен. D) Қате. Е) Тоқсан.  

22.  Ілгерінді ықпалды тап.

А) Сенбілік ұйымдастыру.  В) Жақсы жаман. С) Қарасу. D) Бірқыдыру. Е) Кендебай

23. Сыңары жоқ дауыссыз : А) Ш.  В)Қ.  С) П.  D) Щ.  Е) Т:

          

Блок 1.

 

           

 

 

Фонетика – [тіл дыбыстары, буын]

 

 

 

 


             

 

 

 

 

 

 

                                                         үн

                                                     (голос)

                                                     салдыр

                                                      (шум)

 

 

 

                                                      Буын

                                                      (слог)

 

                     АШЫҚ (открытый) ТҰЙЫҚ (полузакрытый)

                                            БІТЕУ (закрытый)

 

         А – ВА                                  АВ                                       ВАВ   

          а – та                                     аң                                         жер

          те-ре-зе                                 ән                                         бұлт

 

 

                                           [ДЫБЫС]  = ӘРІП

                                                  АЛФАВИТ

 

 

          

 

 

 

- дауыстылар (гласные)

 
                                                                      

 

- дауыссыздар (согласные)

 
 

 

 

 

 


 ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР (Согласные звуки)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                           

                                                  үнді (сонорные)

 

                         ІІ. ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР (Гласные звуки)

 

 

 

 

 

   а                   ЖУАН                       а о ұ ы                                         а

   ә                  ЖІҢІШКЕ                 ә ө ү і е                                         ә

   о                                                                                                           о

   и                                                                                                          и

   э                                                                                                           э

   ө                                                                                                           ө

   ү                                                                                                           ү

   ұ                                                                                                           ұ

   і                                                                                                            і

   е                                                                                                           е

                                                                                                                я

                                                                                                                ю

                                                                                                                

 

Фонетика бойынша бақылау жұмысы.

 

            1. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті жазыңдар;

            ...лем, ...дебиет, т...улік, к...лем, д...стүр, әд...лет, к...ркем шы...арма, қо...ам, ...ркениет, ж...зім, к...міс, б...рым, гау...ар, қа...арман, Қаскеле..., көк...ніс, к...нд...з, же...ге, қалы...дық, ж...г...т, өр...к, балм...здақ, алм...рт, те...із, т...мен.

 

            2. а) ы немесе і

            б...л...м, ау...р, қ...с, өш...рг...ш, күндел...к , қаб...рға, қар...ндас, с...ңл..., ор...нд...қ;

                ә) а немесе ә

            ...ріп, ...же, ...лды, ж...ны, сұр...қ, ...йел, т...рбие, отб...сы, у...қыт.

           

3. Көп нүктенің орнына (ұ – ү) тиісті әріпті жазыңдар.

            ...ят, ...лттық, ...рпақ, б...зау, қ...лып, ...йқы, ...міт, т...рлаусыз, к...ріш, б...йра, б...ршақ, ...лгі, ...найды, к...шік, т...рлаулы, к...лгін, ...лпа, б...рын, қ...лан.

 

4. Жіңішке дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар.

Үстелдің үстінде тәрелке, шәйнек, кесе тұр. Шәйнекке су құяды. Шәйнектен шәй ішеді. Тәрелкеге көже құяды. Кесеге шәй құйып ішеді.

 

5. Көп нүктенің орнына дауыссыз дыбыстардың бірін қойып жазыңдар.

...алтанат, ...абақ, ...ұлу, ...әлем, ...ырна, ...ілем, ...алым, ...егіз, қа...ам, е...ік, та...та, ас...ана, о...ан, де...алыс;

 

 Сөз құрамына қарай талдау.

1. Сөздерді құрамына қарай талдаңдар, қосымшалардың түрін анықтап жазыңдар.

а) қаласында, өзендері, көлдері, көшелерінде, көшелердің, ықшамаудандарында, қаласының, астанадан, таудың, дүкендерде, кітапхананың, ескерткіштерді, әуежайдың, теміржолдар, вокзалдан;

ә) оқушылар, әншісің, айтпа, келіңдер, әкелме, жазамыз, дәрігермін, көкөністер, дүкенге, үйден.

 

2. Сөздерді құрамына қарай талдаңдар.

1. қарауың, сөйлеспеуіңіз, бармауларың;

2. ықшамаудандарда, азық-түлікке, атасының;

 

Бесінші сабақ    

Тақырыптар: « Зат есім.  Сын есім»

                                              

Заттың атын білдіріп кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады.

Зат есімнің синтаксистік тәсіл арқылы жасалуы.

Сөздердің синтаксистік тәсіл немесе анализ тәсілі арқылы жасалуының үш түрлі жолы бар : 1. сөздердің бірігуі; 2. сөздердің қосарланып айтылуы ; 3. сөздердің тіркесуі.

Бірігу арқылы жасалған зат есімдерді олардың құрамындағы сыңарларының түс – таңбасына қарай мынадай жіктерге бөліп көрсетуге болады:

1. Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөзде. ( шаңсорғыш, егеуқұйрық, итқонақ , тасбақа,қолқанат).                                                                                              

2. Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған сөздер: (кәріқыз, қарасан, Сарысу).

3. Сан есім мен зат есімнің бірігуі арқылы ( Жетіқарақшы,  Жетісу т.б.)

4. Зат есім мен етістіктің бірігуі арқылы  ( орынбасар, күнбағыс, атбасар, қалмаққырған) 

 

Зат есімнің жіктелуі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                   

 

 

                                                          

Зат есімнің сызбасы

Талдау сатылары

 

 

 

 


1.     Құрамына қарай:

 

2.     Тұлғасына қарай:    а) негізгі түбір;

                                                                                                      ә) туынды түбір.

 

3.     Құрылысына қарай:    а) дара; ә) күрделі.

 

4.     Лексикалық мағынасы.

 

5.     Грамматикалық мағынасы:

                                                 а)   жалпы грамматикалық мағынасы;

                                                 ә)   категориялық-грамматикалық мағына;

                                                 б)   қатыстық-грамматикалық мағына.

 

6.     Сұрағы:

 

7.     Мағынасына қарай:

                                                 а)   жалпы, жалқы;

                                                 ә)   жанды, жансыз;

                                                 б)   деректі, жартылай деректі, дерексіз;

                                                 в)   нақты, нақты емес.

 

                                                 8. Жалғаулары:   а) көптік;

                                                                              ә) септік;

                                                                              б) тәуелдік;

                                                                              в) жіктік.  

 

 

 

            Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі содан шығады.

                                                                                                                        Абай.

          Тірі адамның жүректен аяулы жері бар ма? Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек – бұлар жүрек ісі. Асықтық та – жүрек ісі.

                                                                                                                        Абай.

          Ауыл – қазақтың алтын бесігі.

                                  Н.Назарбаев.

 

 


                                     

                                             1.   Бұл сөз алты құрамынан тұр:

                                       Орын + да +у +шы + лық + пен

                                    2.   Тұлғасына қарай : а)  Орын – негізгі түбір.

                                    ә)   Орында – туынды түбір.

                                    б)   Орындау – туынды түбір.

                                    в)   Орындаушы – туынды түбір.

                                    г)    Орындаушылық – туынды түбір. Себебі синтети-

                                    калық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбір-

                                    ден туынды түбір, туынды түбірден туынды түбір ,

                                    туынды түбірден туынды түбір жасалып  жатыр.  

                                          

                                     3.   Құрылысына қарай – дара. Себебі бір ғана туынды                                

                                     түбірден тұр.

                                     4.   Сөзде бір лексикалық. екі грамматикалық мағына

                                     бар.     

                                     5.   Лексикалық мағынасы – жалпы ұғымға берілген

                                     атау.

                                     6. 1.  Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық

                                     мағынаның жалпылануынан  жасалған жалпы грамма-

                                     тикалық мағына – зат есім.

                                     6.2.  Екінші грамматикалық мағынасы – (-пен) көмек-

                                     тес септтігінің жалғауы арқылы берілген категория –

                                      лық грамматикалық мағына  - жанама объектілік 

                                      мағына.                                                                               

                                        7.   Орындаушылықпен – немен? деген сұраққа жауап

                                         береді. Ендеше , бұл - зат есім.

                                        8.   Мағынасына қарай : а) Жалпы. ә)  Жансыз.

                                        б) Дерексіз. Себебі , көзбен көріп, қолмен  ұстап,тану-

                                        ға болмайтын зат атауы.

                                        в)  Нақты емес. Себебі, дерексіз болған нәрсе нақты

                                        болмайды.

                                      

          Қазақ елінің озып, үдеген кезі де, тозып жүдеген кезі де аз емес.

                                                                                        Н.Назарбаев.

          Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті:

          Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

                                                                                Абай.

 

          Адам баласы жылап туады, кейіп өледі.    

                                                                               Абай.

 

 

 

 

 

 


                                 1.   Бұл сөз екі құрамнан тұр: күй+сандық.

 

                                 2.   Тұлғасына қарай туынды. Себебі, аналитикалық

                                 немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің бірігуінен

                                 жасалған туынды сөз.

 

                                 3.   Құрылысына қарай – күрделі, біріккен сөз.Себебі,

                                 екі сөзден құралып , ритм – ырғағы жағынан  бірұдай,

                                 лексика-семантикалық жағынан  біртұтас, лексика

                                 грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп  

                                 тұрақталған құрама сөз.

 

                            4.   Сөзде бір лексикалық, екі грамматикалық мағына бар.

 

                            5.   Лексикалық мағынасы – музыкалық аспаптың бір  

                             түріне берілген атау.

 

                             6.   Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық

                             мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы 

                             грамматикалық мағына – зат есім.

 


                              7.   Екінші грамматикалық мағынасы – нольдік ( О )

                              формадағы атау септігі арқылы берілген

                              категориялық-грамматикалық мағына – атауыштық

                              мағына.

 

                               8.   Күйсандық – не? деген сұраққа жауап береді.

                               Ендеше, бұл – зат есім.

 

                                9.   Мағынасына қарай:

                                а)   Жалпы.

                                ә)   Жансыз.

                                б)   Деректі.

                                в)   Нақты.

 

1 – жаттығу. Жоғарыдағы үлгілерді басшылыққа ала отырып мына сөздерге сатылай комплексті талдау жаса.

      а)   Күй, әндер, қобыздар, өнерге, өлеңде, асыл, серінің, сырнаймен, алтыбақан.

ә) Күйшілер, әншімен, домбырашы, мерттер, ысқышпен, дауылпаз, әншілік, желдірме, өлеңші, жыршы, шаңқобыз.

      -  Көмекші сөздерді көрсет.

      Маң, іш, кітап, қала, түп, щет, ертең, сырт, кеше, бет, жақ, арт, алды, үсті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


        VII. Сын есім .

 

 

 

 

 

            Сын есімнің табиғи қызметі ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындық белгісін білдіреді. Өйткені қандай белгі, сапа болмасын негізгі затқа, құбылысқа арқа тірейді. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.

                

            Сын есімнің түрлері: сапалық сын есім, қатыстық сын есім.

                  

            Қазақ тіліндегі сын есімнің мынадай шырайлары бар: 1. Салыстырмалы шырай;

2. Шағын шырай; 3. Күшейтпелі шырай; 4. Асырмалы шырай.

                                                

Сын есімнің ерекше қасиеттері:

1. Сын есім заттың сынын, түрін,  түсін білдіреді.                7. Тәуелденеді.

2. Сұрағы – қандай? қай?                                                          8. Негізгі, туынды.

3. Дара, күрделі түрі бар.                                                           9. Сөйлем мүшесі болады.

4. Көптеледі.                                                                               10. Сапалық, қатыстық.

5. Жіктеледі.  Септеледі.                                                           11. Сын есім шырайлары бар

 

     

1 - жаттығу. Төменде берілген мәтіннен сын есімді тап, түрін анықта.

 

Жақсыға жаман кесір.

 

            Патша заманында Көкше өңірінің Қозыбай деген бір жақсы адамы Семей жаққа жер ауып келіпті. Сонда Темірғали шешеннің айтқан жұбату сөзі:

            - Жақсыға жаман кесір, жақсы кетсе – жесір. Табында жақсы болса пайдасы тиер, елінде тентек болса, найзасы тиер, кең қолтық қоғамшыл болсаң халқың сүйер. Шошынбас жүрек болмас, тосылмас жүйрік болмас, дәміңді алыстан жаққа, бармасқа басыңда ерік болмас.

            Қисық ағаш тезден мұқайды, дау сөзден мұқайды, ел ішінен шыққан дұшпан жаман, өзінен өзі мұқайды. Ер жігітке тағылған шынжыр арқан–ар емес, қайратпен оны сүйретпеген нар емес. Біздің елдің жаманы басыңыздан пәле кетпестей көріп жүрген шығар. Сіздің елдің жаманы енді оралып келместей көріп жүрген шығар. Дәміңізді алыстан жазса, топырағыңызды туған жерден жазар, ешнәрсе ойламаңыз.

 

(Газеттен)

2-жаттығу. Сөйлемдегі сын есімнің қызметін анықта.                                                                                                                                                               

     

       Бұл сыныпта тек кана тәртіпті, үлгілі оқушылар қалды.  Автобуста үлкендерге, егде адамдарға орын беру керек. Киген  киімі тап- таза, жаңа.

            Үлкендер кішілерге ақыл айтты. Мен қайырымдыны үлгі етемін. Жаманға ермей, жақсыға ер. Әдемі, сәнді киінсең, көзге түсесің.  Қызылдан көйлек тік.  

 

3-жаттығу. Сын еімнің шырайларын анықта. 

     Тым үлкен, өте  жас, ап-ақ, түйедей, маймылдай, жасыл, кеңдеу, кеңірек, сұлуырақ,

шкафтай, ең аласа, ұп-ұзын, сұп-сұйық. өте тар, тарлау, кеңірек, білімді, күштірек, ағырақ, сарылау, көктемгі, күзгі, тәп- тәтті, дәмдірек, ащы, тұзды, аса көңілді, ең жүйрік, ақылды.

    

4- жаттығу. Төмендегі үлгі бойынша сын есімдерге  сатылай комплексті талдау жаса.

            Жасыл, ұзын, толықтау, ақшыл, көгілдір, тарлау, үлкен.

 

 

 

Сын есімнің сызбасы

 

              Талдау сатылары

 

 

 

 


                                                     1. Құрамына қарай:

        

                                                     2. Тұлғасына қарай:

                                                     а) негізгі түбір;

                                                     ә) туынды түбір;

 

                                                     3. Құрылысына қарай:

                                                     а) дара;

                                                     ә) күрделі;

 

                                                     4. Лексикалық мағынасы.

 

                                                     5. Грамматикалық мағынасы:

                                                      а) жалпы грамматикалық мағына;

                                                      ә) категориялық-грамматикалық мағына;

                                                      б) қатыстық-грамматикалық мағына;

 

                                                      6. Сұрағы.

 

                                                      7. Мағынасы қарай:

                                                      а) сапалық;

                                                      ә) қатыстық.

 

                                                       8. Шырайлары:

                                                       а) салыстырмалы;

                                                       ә) күшейтпелі;

                                                       б) асырмалы шырай.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                               

 

 

 

 

 

- лы, -лі, -ды, -ді, - ты, -ті;                                                      -ғақ, -гек,- қақ,- кек,- ақ,- ек;

- сыз, -сіз;                                                                                   - ық, - ік, -қ, - к;

- ғы, -гі, -қы, -кі;                                                                      -ғыш, -гіш, - қыш, -кіш;

-лық, -лік, -дық, -дік,                                                              -ғыр, -гір, -қыр, -кір;

-тық, -тік;                                                                                  -шақ, -шек;

-шыл, -шіл;                                                                               -ыңқы,- іңкі, -ңқы, -ңкі;

-шаң, -шең;                                                                               -ынды, -інді, -иды, -иді;

-дай, -дей; тай, -тей;                                                                -малы, -мелі, -балы, -белі,

-кер, -қой, қор, -паз,                                                                - палы, -пелі;

-ымпаз, -імпаз;                                                                         - ымды, - імді, -мды, -мді;

-и, -ы, -і.                                                                                     аған, -еген;

                                                                                                     -улы, -үлі ;  

                                                                                                     - ма, -ме, -ба,-бе, -па, -пе.    

   

                                                                                                 

                                            

І – топқа   «Зат есім» тақырып бойынша  бақылау жұмысы.

 

І. Көптік жалғауын жалғаңдар.

 

1. Оқушы, қыз, қыс, бала, жоспар, әріп, кітап, қағаз, үй, колледж, бор, аға, қарындас;

2. Есік, қағаз, айна, қатар, күнделік, қабырға, терезе, сызғыш, дәрісхана, гүл, перде.

 

ІІ. 1. Көптік ұғымды көрсетіңдер.

1. Менің апам дүкеннен сүт әкелді.

2. Базарда жарма, тары бар.

3. Қазақстанда қазақ, орыс, неміс, ұйғыр тұрады.

4. Үстелде нан, сүт бар.

5. Менің атам қымыз ішіп отыр.

6. Оқушылар сабаққа келді.

7. Көп адам қонаққа келді.

8. Әлденеше кісі үйге кірді.

9. Дастарханда бауырсақ, кәмпит, қант, нан бар.

 

2. – қыш, -кіш, -гіш, -лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

Көрсет..., заман..., өткіз..., көрші..., дастархан..., тазарт..., өнертап... .

 

3. Төмендегі сөздерді қазақшалап, жаңа сөз жызыңдар.

Литература, письмо, песня, ребенок, друг, молодой, аул, дорога, ручка.

 

4. –шы, -ші, -шақ, -шек жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

сурет, көмек, құрылыс, шаңғы, бөл, келе, мақтан;

 

5. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрыңдар.

Писатель, продавец, рабочий, дружба, герой, земляк, детство.

 

Септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары

 

І. 1. Септік жалғауын жазыңдар.

1. Біз... студенттер дәрісхана... сабақ оқып отыр.

2. Сәуле сағат бес... дүкен... нан... бару керек.

3. Ол апасы... үйі... бара жатыр.

4. Оқушылар демалыс... үй... теледидар көріп отыр.

5. Бүгін жиналыс сағат екі... болу керек.

6. Сен базар... көкөніс алу... бар.

 

2. Септік жалғауын жалғаңдар.

1. Мен кинотеатр.. отырмын. Сен кітапхана... бара жатырсың. Сіз емхана... келесіз бе? Ол кітап... алды ма? Біз дүкен... нан әкеле жатырмыз. Сендер Әлия... келіңдер! Сіз Арман... қарындасысыз ба? Олар Орбита ықшамауданы... бара жатыр.

 

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

Мен... тамақтанамын. Кітапханада кезекке.... Мен... оқимын. Менің ... мектепте жұмыс істейді. Ол жатақханада ... тұрады. Мынау ... кітабым. Ұлттық тағамдардан асханада ... бар.

 

4.  Жалғауларды жазыңдар.

Біз... үй... терезе... оңтүстік бет... . Мен... бос уақыт... отбасында өт... . Асқар... аға... университет... үш... курс... оқ... . Бүгін жиналыс сағат сегіз... бол... . Сен сабақ... түскі сағат бір... бар... . Ол... оқытушы... университет... екі... қабат... екі... жүз бес... дәрісхана... сабақ бер... тұр. Біз... топ... студент... алты... бөлме... тұр... .

 

5. Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазыңдар.

1. Сенің ...(дауыс) естілмейді.

2. Менің ...(уақыт) болмады.

3. Мемлекеттің ...(мүлік) шашпа.

4. Дәмеш ...(ерін) жыбырлатты.

5. Нәрестенің ...(қарын) ашпасын.

6. Біздің ...(халық) бақытты.

 

6. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.

1. Інімнің ... үстелде жатыр.

2. Ағамның ... қабырғада ілулі тұр.

3. Студентттің ... бөлмеде жатыр.

4. Оның ... диванда отыр.

5. Менің ... қонақта.

6. Сіздің ... сабақта отыр.

7. Біздің ... шетелге кетті.

8. Асанның ... Амарикада тұрады.

 

7. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңдар.

1. /В году/ төрт /времена года/ бар: /зима, весна, лето, осень/.

2. Аптада /семь дней/ бар: /понедельник, вторник, среда, четверг, пятница, суббота, воскресенье/.

3. Кітапхана /находится/ бірінші қабатта.    

4. Біз қазақ тілін /изучаем/.

5. Оспан және Марат /на Медеу/ шаңғы теуіп жүр.

6. Әсел /в продовольственный магазин/ бара жатыр.

7. /За молоком, кефиром, сметаной/ кешке жақын бару керек.

8. /Моя подруга Айгуль/ қаланың орталығында тұрады.

9. /В микрорайоне «Жетысу»/ тоғыз қабатты әсем үйлер бар.

10. /Стихи Абая/ өте жақсы. /Это не театр Ауэзова,/ бұл-Абай театры.

11. Олар /в Талдыкурганскую область/ бара жатыр.

12. /Его мать/ егде адам емес. Сәуле /не идет/.

13. Дәрісханада /есть стулья, парты, столы/.

14. /Мне надо идти/ балабақшаға.

 

8. Мына сөздерді аударыңдар.

а) Наша старшая естра; ваш друг; наш город; его старший брат; твоя младшая сестра; мои младшие братья; мой дедушка; его мать; их сосед.

ә) От врача; из тетради; из Алматы; с Медеу; от вас; из книги; от Олжаса; с устава; у Карлыгаш; с работы; из овощей; из фруктов; из сахара; с мясом; из молока; из мяса; со сливками; со сметаной; с бульоном.

б) Город Актау, площадь Республики, магазин «Сымбат», река Тобол, горы Алатау, опера «Аида», балет «Спартак», кинотеатр «Байконыр», Каспийское море, озеро Балхаш, микрорайон «Орбита».

 

9. Қазақшаға аударыңдар.

Открой форточку, закрой дверь, приготовь кофе, купи мясо, свари суп, съешь хлеба с маслом, выпей молока, подай воды, вымой посуду, почисти ковер.

 

10. Көп нүктенің орнына табыс септігінде сөздерді қойыңдар.

1. Ол қалада үлкен ... көрді.

2. Мен қонаққа ... бердім.

3. Сен ... жинадың.

4. Сіз көшеде ... көрдіңіз бе?

5. Біз концертке ... сатып алдық.

 

11. Мына сөздерге тәуелдік жалғауын жалғаңдар.

Кітап, бала, топ, қала, оқулық, оқытушы, сөре, қалам, қағаз, сызғыш, қабырға, үстел, көз, сағат.

 

12. Қажетті жалғауларды жалғаңдар.

1. Бұл сенің бөлме... .

2. Оның ана... мектеп... мұғалім болып істейді.

3. Мынау – Бонн қала... .

4. Аялдама... көп адамдар троллейбус тосып отыр.

5. Зейнеш... апасы осында тұрады.

6. Оларға қала... бару керек.

7. Дәптер..., оқулық..., қалам... үстел... жатыр.

8. Семей облысы... көп аудандар бар.

9. Сіздердің кітапхана... кең, жарық және таза.

10. Мынау кім... дәптер...?

11. Қаңтар – жыл... бірінші айы.

 

13. Тәуелдік және жіктік жалғауын жалғаңдар.

1. Біздің отбас... үлкен.

2. Оқытушының дәптер... үстелде жатыр....

3. Мен кітапханада сабақ оқып отыр....

4. Оның аға... менің сіңлі... кітап әкеле жатыр....

5. Сіздің пәтер... нешінші қабатта?

 

14. Сөйлемдерден септік жалғауларын табыңыздар.

1. Асықпаған арбамен қоянға жетер. 2. Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы. 3. Атадан бала туар, атасының жолын қуар. 4. Тағасының күмісін айтпа, атыңның жүрісін айт. 5. Қалауын тапса, қар жанар. 6. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. 7. Ақыл – адам көркі, ақылдың сабыр – серігі (мақал).

 

ІІ – топқа  «Сын есім» тақырып бойынша бақылау жұмысы.

 

1. Мына сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңдер.

жаңа, сулы, қысқа, жуас, қатты, домалақ, қисық, дәмді, тұзсыз, балдай, қалалық, жазғы, қысқы.

 

2. Мына сөздерге антоним табыңдар.

ауыр - ...               ыстық - ...            жіңішке - ...

қысқа - ...             құрғақ - ...            аласа - ...

желсіз - ...            тентек - ...            жас - ...

айсыз - ...             түзу - ...                ескі - ...

 

3. а) аударыңдар –рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтарымен салыстырмалы шырай жасаңдар.

 

красивый                                      новый

удобный                                        старый

далекий                                         интересный

близкий                                         мягкий

      ә) осы сын есімдерді күшейтпелі шырайда жазыңдар.

 

4. Туынды сын есімдердің қандай сөздерден қалай жасалғанын айтыңдар.

Балалы үй, ақылды бала, түсінікті сөз, қажырлы еңбек, мәдениетті халық, күндізгі жұмыс, кешкі салқын, қалалық кеңес, жастық шақ, өмірлік жолдас.

 

5. Қазақшаға аударып, антонимін жазыңдар.

Красный, дешевый, черный, большой, хороший, худой, тонкий, крупные деньги, продать, принести, сладкий, жирный, плохой, вкусный, с молоком, с мясом.

 

6. Салыстырмалы шырайды қолдана отырып, сұраққа жауап беріңдер.

а) туфлидің өкшесі биік пе?

ә) Мына көйлек әдемі ме?

б) Жылқы еті дәмді ме?

в) Қой еті жақсы ма?

г) Қуырылған балық дәмді ме?

д) Бұқтырылған тауық жақсы ма?

е) Бұл көйлек қымбат па?

ж) Әлияның көйлегі сары ма?

з) Етік үлкен бе?

 

7. Тиісті қосымшаны жазыңдар.

Су... өмір жоқ. Сен неге көңіл... сің? Ол емтиханға дайындық... келіпті. Оқулық... тіл үйрену қиын. Біз сіз... бармаймыз. Білім ...дің ойы – таяз.

 

8. Қазақшаға аударыңдар.

Белые подснежники, алые розы, свежие тюльпаны, красивые ландыши, желтые одуванчики, полевые цветы.

 

Алтыншы сабақ          

Тақырып: «Сан есім. Есімдік.»

 

Тапсырмаларды орындау.                                                                                                    

1- тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті реттік сан есімді қой.

     Мен ... жылы дүниеге келдім. Отбасымыздағы ... баламын. Сондықтан мені бәрі жақсы көреді.  ... жылы мектепке бардым.

     Қазақ тілін ... сыныптан бастап үйреніп жүрмін. үйіміздің нөмірі  - ... . Қазір ... сыныпта оқимын. Мектепті .... жылы бітіремін. Бізде аптаның ... күні – демалыс.  сабақтан кейін үйге келіп, алған бағаларымды  ... анама, кейін әкеме көрсетемін. Біздің отбасымыз - ...

және  ...ғасырлардың куәгері.

 

2- тапсырма.    Төмендегі көркем әдебиеттен алынған мысалдардан сан есімдерді тауып,  олар сан есімнің қай түріне жататындығын анықтаңдар.

1.      Жетпіс сегіз бен жиырма төртті қосайық. жетпіс сегізге әуелі жиырманы қосамыз,     

          тоқсан сегіз болады. Содан кейін тоқсан сегізге төртті қосамыз, барлығы жүз екі

          болады.           

2.       Екінші, үшінші қабаттарда тағы да сондай өзгеше әсем ойылған төсектер бар.

3.       Солардың ішінде еі жақсылары он алтыншы, он жетінші нөмірлер екен. (Әуезов).

4.       Атадан алтау, анадан төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ. Біреуінің күні жоқ

          біреуінсіз, ғылым сол үшеуінің жөнін білмек. (Абай).

5.       Бір түн отырып ел адамдарын төрттен, бестен жиып алып, бір түрлі іс тапсырған.

          (Әуезов).

6.      Олар екі – үштен қолтықтасып, үйдің ішін шыр көбелек айналып жүр. (Майлин).

7.       Алты совхозға келетін тракторлардың ғана саны үш жүздей.

8.       Сол жолды біз жеті сағаттай жүріппіз. (Мұқанов).

9.       Сәтемір жетілерде атасынан жетім қалған. (Алтынсарин).

10.     Судың үштен бірі қалғанда, көл жұтардың ұрты ғана суға толады. (Қазақ ертегі).  

 

3 – тапсырма.  Сан есіммен келген мақал-мәтелдерді есте сақта.

 

1.      Алпыстағы атаңды жыққанша, алтыдағы атаңды жық.

2.      Екі баланың ортасындағы шал бала болады,

         Екі шалдың ортасындағы бала дана болады.

3.      Он екі айда он үш той.

4.      Алты ай баққан арықты бір түн ұрындырған өлтіреді.

5.      Алты бала таппай ана атанбайды,

         Бес бала таппай әйел болмайды.

6.      Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама.

7.      Бір күн ұрыстың қырық күндік қырсығы бар.

8.      Бірінші байлық - денсаулық,

         Екінші байлық – ақ жаулық,

         Үшінші байлық – он саулық.

 

Жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары туралы.

 

            Қазақ халқында жеті, тоғыз, он екі, қырық сандары қасиетті, киелі сандар болып есептеледі.оның себебі орта ғасыр ғалымдарының жеті күнге жеті жұлдыздың атын беруі, жеті металдың (алтын, күміс, темір, сынап, қалайы, мыс, қорғасын) пайда болған күні деп, дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндеріне ат берілуі деп қарауынан болуы керек.

            «Жеті» сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған .  XVI ғасырда өмірге келген Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» да жеті сөзінің қасиетіне , киелі жағына мән беруден туған болу керек.

            Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және « Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің»,  «Жеті қабат жер астында»,  сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал –мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты.

            Тоғыз саны араб елінен дінмен байланысты енген тәрізді. Сондықтан халқымыз: «Тоғыз ай, тоғыз күн бала көтеру», «Тоғыз әйелдің толғалы бір күні келіпті», «Тоғыз жолдың торабы», «Тоғыз қабат торқа қию», «бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз» (үйленгендегі ырым)

сөздері тегін шықпаған болу керек.

            Он екі саны да халқымыздың құрметтейтін саны. Қазақ күнтізбесі бойынша он екі айға арнайы жәндіктер мен хайуанаттардың аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, балық, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін,тауық, ит, доңыз . Осындағы он екі бір мүшел қауіпті жас деп, оны адамдар атап  өтуі де тегін емес. Он екі сөзімен байланысты  «он екі мүшең сау болсын», «он екіде бір нұсқасы жоқ», «он екі баулы өзбек»деген сөздер де айтылады.

            Халқымыздың қасиет тұтатын тағы да бір саны  - қырық . Нәрестенің мойны бекіп, қырық күн толғанда  «Қырқынан шығару» деген ырымы бар. Өлген адамның «Қырқын беру» дәстүрі де бар. Халқымыз келген қонақты  «Қырықтың бірі - қыдыр»деп қарсы алу т.б. сенімдер, ырымдар «қырық » сөзімен байланысты.

 

4-тапсырма.   Берілген сан есімдермен келген тұрақты сөз тіркестерінің мәнін түсініп,           

                        олармен сөйлем құраңдар.

            Жеті ата,  жеті ғалам,  жеті түнде.  Қырық жамау,  қырық жыл қырғын болса да, қырық тесік.  Тоғыз жолдың торабы. Жыл он екі ай.

 

5-тапсырма.  «Жеті» сөзімен байланысты айтылатын сөздердің мәнін түсініп алу.

Жеті қазына.  1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл, білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт.

                           6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы.

Жеті ата.         1. Әке. 2. Бала. 3. Немере. 4. Шөбере.  5. Шөпшек. 6. Немене. 7. Туажат.

Жеті күн.         1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күн. 5. Ауыр күн. 6. Соңғы күн.

                          7.  Азына.

Жеті жұт.        1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу).  3. Өрт. 4. Оба (ауру).  5. Соғыс.

                          6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).

Жеті жоқ.        1. Жерде өлшеуіш жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ.

                          4. Тасбақада талақ жоқ.  5. Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт жоқ.

                          7. Жылқыда өт жоқ.

Жеті ғалам (жеті бағыт) – дүниенің төрт бұрышы.

1. Күншығыс. 2. Күнбатыс. 3. Түстік. 4.Терістік. 5. Аспант- жоғарғы ғалам.  6. Жер – орта ғалам. 7. Жер асты ғалам.

Жеті қат (қабат) көк (жеті жұлдызы).  1. Ай. 2. Меркурий. 3. Шолпан. 4. Күн. 5. Қызыл жұлдыз (Марс). 6. Мұштари (Юпитер). 7. Сатурн.

Әлемнің жеті кереметі:    1. Олимпиядағы Зевстің мүсіні.   2.Египет пирамидалары.

3. Семирамиданың бағы.   4. Диана ғибадатханасы.     5.Қарнастың мавзолейі.         6. Родос алыбы. 7. Александрия маягі.

Жеті ғашық : Өзге де Шығыс шайырлары тәрізді қазақ халқының ақындары жеті ғашықтың бәрін де жырға қосып, дастан етіп жырлаған. Олар:  1. Ләйлі – Мәжнұн. 2. Зылиқа – Жүсіп. 3. Фархат- Шырын. 4. Таһир – Зуһра. 5. Арзи –Қамбар. 6. Сейфіл Мәлік – Жамал.  7. Бозжігіт – Зияда (Қарашаш).   

 

            Мәдениет  деген ұғым аясында адам онсыз өмір сүре алмайтын аса нәзік құбылыстар тоғысқан.

                                                                                                                                    Н. Назарбаев.

 

Біздің бабаларымыз  тірі болу үшін бір болған, енді бір ірі болу үшін бір болуымыз керек.

                                                                                                                                    Н. Назарбаев.

 

Сан есімдердің құрамын, лексика – грамматикалық мағыналарын сатылай  комплексті талдау

                                                                                 

                                                               1.   Бұл сөз бір құрамнан тұр : мың.

                                                              

                                                               2.   Тұлғасына қарай – мың – негізгі түбір.

                                                               Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына

                                                               беретін негізгі бөлігі.

                                                              

                                                               3.   Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі

                                                                түбірден тұр.

                                                           

                                                               4.    Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына

                                                                бар.

 

                                                               5.  Лексикалық мағынасы – заттың сандық мағынасын

                                                               білдіріп тұр.

 

                                                               6.  Грамматикалық мағынасы – лексикалық  мағына-

                                                               ның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық

                                                               мағына -  сан есім.

 

                                                               7.    Мың – неше? деген сұраққа жауап береді.

                                                               Ендеше,  бұл  - сан есім.

 

                                                               8.   Мағынасына қарай – есептік сан есім. Себебі,

                                                               заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше?

                                                               деген сұрақтарға жауап берді.

                                           

 

 

       Жүрегім менің қырық жамау,                    Ақырын жүріп , анық бас,     

       Қиянатшыл дүниеден.                                Еңбегің кетпес далаға.

       Қайтіп аман қалсын сау,                                                         Абай.

       Қайтқаннан соң әрнеден.     

      

       Имансыздық сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

                                                                                              Абай.

  

      Жүректің көзі ашылса,                                   Білімдіден шыққан сөз,

      Хақтықтың түсер сәулесі.                              Талаптыға болсын кез.

      Іштегі кірді қашырса,                                     Нұрын, сырын көруге

      Адамның хиқмет кеудесі.                              Көкірегіңде болсын көз.

                                     Абай.                                                                 Абай.

 

                                                          

 

                                                            1.  Бұл сөз екі құрамнан тұр: тоғыз+ыншы.

 

                                                             2. Тұлғасына қарай:

                                                             а) тоғыз – негізгі түбір;

                                                             ә)  тоғызыншы – туынды түбір.  (Себебі, синтети –

                                                             калық немесе мофологиялық  тәсілмен негізгі түбір

                                                             зат есімге сөз тудырушы  (- ыншы ) жұрнағының жал-

                                                             ғануы арқылы  жасалған туынды сөз.

                                                             

                                                            3.   Құрылысына қарай – дара. Себебі , бір ғана туынды         

                                                             түбірден тұр.

 

                                                            4.   Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына

                                                             бар.

 

                                                            5.   Лексикалық мағынасы -  заттың  саналу ретін

                                                            білдіріп тұр.

 

                                                            6.   Грамматикалық мағынасы – жалпы грамматикалық

                                                            мағына – сан есім.

 

                                                           7.   Тоғызыншы – нешінші? деген сұраққа жауап береді.

 

                                                           8.   Мағынасына қарай – реттік сан есім.   Себебі,

                                                           заттың саналу ретін (Қатарын) білдіріп,  нешінші?

                                                           деген сұраққа жауап береді.

 

 

 

6 - тапсырма:    Сан есімнің мағыналық түрлері бойынша берілген сөздерді сызбадағы үлгілер жүйесімен жазбаша талдаңдар.

Қырық,  үш мың,  оныншы,  қырық бірінші,  бесеу,  алтау.

 

7- тапсырма.  Өлеңді жаттап ал.

                        

                          Жігіт жиырма бесте,

                          Жарға ойнаған лақтай.

                          Отыз беске келгенде,

                          Ағып жатқан бұлақтай.

                           Қырық беске келгенде ,

                           Қырға біткен құрақтай.

                           Елу – ердің жасы,

                           Алпыс – ел ағасы,

                           Жетпіс – кәріліктің басы,

                           Сексен келіп бүйірден

                           Шығарды тоқсан үйірден.

                           Тоқсан мен жүз – ұлы жас,

                           Тоңқайып атқа міне алмас.

 

 

 

Есімдік

 

Талдау

 

 

                                                            1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: мен.

                                                                                                                                                                                                           

                                                       2. Тұлғасына қарай – негізгі түбір.Себебі сөздің ары

                                                       қарай бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі.

 

                                                       3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі

                                                        түбірден тұр.

 

                                                       4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

 

                                                       5. Лексикалық мағынасы – жалпы ұғымға берілген атау.

 

                                                       6. Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның

                                                       жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық

                                                       мағына – есімдік.

 

                                                      7. Мен – кім? деген сұраққа жауап береді. Ендеше бұл –

                                                      есімдік. Есім сөздердің орнына жүретін сөз табын есімдік

                                                      деп атайды.

 

                                                      8. Мағынасына қарай – жіктеу есімдігі. Себебі, белгілі бір

                                                      жақтық ұғыммен қолданылып тұр.     

 

 

 

 

Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.

                                                                      Н.Назарбаев.

 

Адамға ақыл керек, іс керек, мінез керек.

                                                      Абай.

 

 

 

 

                                                       1.  Бұл сөз үш құрамнан тұр: мына + лар + дың.

 


                                                       2.  Тұлғасына қарай – негізгі түбір. Себебі, сөздің ары

                                                       қарай бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі.

 

                                                       3.  Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі

                                                       түбірден тұр.

 

 

                                                       4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

 

                                                       5. Лексикалық мағынасы – заттың орнына сілтеу мағы –

                                                       насында жұмсалып тұр.

 

                                                      6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағы-

                                                      наның жалпылануынан жасалған  жалпы грамматикалық

                                                      мағына  – есімдік.

                                                         

 

                                                      6.2. Екінші грамматикалық мағынасы – (-лар) көптік

                                                      жалғауы арқылы берілген категориялық – грамматика-

                                                      лық  мағына  - көптік мағына.

 

                     

 

                                                      6.3.  Үшінші грамматикалық мағынасы – (-дың), ілік

                                                      септігінің жалғауы арқылы берілген категориялық  -

                                                      грамматикалық мағына – иелік мағына.

 

 

 

                                                      7.  Мыналардың – кімдердің? деген сұраққа жауап береді.   

                                                    

                                                      8.  Мағынасына қарай  - сілтеу есімдігі. Себебі, сілтеу,

                                                      меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіріп тұр.

 

Қазір ынтымақтасу мен іскерлік кезеңі. Қазір адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған  шағын  қадамның  өзі  шалқыған  даңғаза  ұраншылдық пен үдере үндеушілікпен әлдеқайда маңызды.

                                                                                                                                 Н.Назарбаев.

 

 

 

 

                                                1.  Бұл сөз үш құрамнан тұр: қай + сы + ны?

 

                                                2.  Тұлгасына қарай – негізгі түбір. Себебі, сөздің ары қарай

                                                бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі.

 

.

                                               3.   Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден

                                                тұр.

 

                                               4.   Сөзде бір лексикалық, үш грамматикалық мағына бар.

 

                                               5.   Лексикалық мағынасы – сұрау ұғымында жұмсалып тұрған

                                               сөз.

 

                                              6.1. Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның

                                              жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына –

                                              есімдік.

 

                                              6.2.  Екінші грамматикалық мағынасы – (-сы) жалғауы арқылы            

                                              берілген категориялық – грамматикалық мағына – меншіктік

                                              мағына.

 

                                              6.3.  Үшінші грамматикалық мағынасы – (-ны) табыс септігінің

                                              жалғауы арқылы берілген категориялық грамматикалық

                                              мағына тура объектілік мағына.

 

                                              7.   Мағынасына қарай – сұрау есімдігі. Себебі, жауап алу

                                              мақсатымен сұрау мағынасында қолданылып тұр.

 

 

 

Адам атына лайықты өмір сүрудің, дәулетті тұрудың мына заманда нарықтан басқа жолы жоқ. Өйткені, ол адамды өзін - өзі қамшылауға , жанын жеп жанталасуға мәжбүр

ететін , сөйтіп оның бойынан тың қуат табуға итермелейтін жол.

                                                                                                                                 Н.Назарбаев. 

 

                                 Балалар, бұл жол басы даналыққа,

                                 Келіңдер, түсіп, байқап, қаралық та.

                                 Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

                                 Соларды көре тұра қалалық па?

                                 Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық,

                                 Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

                                                                                  А. Байтұрсынов.

 

 

 

                                                      1.  Бұл сөз бір құрамнан тұр: әр.

 

                                                      2.  Тұлғасына қарай – негізгі түбір. Себебі, сөздің ары

                                                      қарай бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі.

 

                                                      3.   Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі

                                                      түбірден тұр.

 

                                                      4.   Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

 

                                                      5.   Лексикалық мағынасы – затты, белгіні жорамалдау

                                                      ұғымында жұмсалып тұрған сөз.

 

                                                      6.   Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның

                                                      жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық  мағына-

                                                      есімдік.         

                                                     

                                                      7.   Әр – не?  деген сұраққа жауап беретін сөз. Ендеше,

                                                      бұл – есімдік.  Есім сөздердің орнына жүретін сөз табын

                                                      есімдік деп атаймыз. 

 

                                                      8.   Мағынасына қарай – белгісіздік есімдігі.  Себебі,

                                                      жалпылау жинақтау мағыналарын білдіріп тұр.

 

1 – тапсырма.  Есімдіктерді мағынасына қарай топтап жаз.

Мен, сонау, өзің, өзіңіз, өзі, қай, бәрі, барлық, қайсы, осынау, сен, әне, қалай, бұл, міне, неше, қайда, қанша, анау, сол, ол, өздері, әр, әлде, біреу, кейбіреу, әрқашан, бірнеше, әлдене, ешкім, күллі, ешқайда, қайсыбір, әрне, ешқайсы, ешбір, дәнеңе, бүкіл, дәнеме, өзім, біз, түгел.

 

2- тапсырма. Берілген есімдіктердің  схема бойынша  лексика- грамматикалық мағынасын сатылай комплексті талдау жасаңдар.

Сол,  сен,  бұлар,  кімбіз?   өз,  өзі,  өздері,  барша,  ешкім,  аналарға.

 

3- тапсырма.  Мына сөздердің тасымалдау жолдарын көрсет.

Күллі, әкелік, өзімізге, өзі, жауап, тауық, қайың, сауын, ешқайсы, кейін. 

 

4 – тапсырма.  Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.

1. У меня нет свободного времени.  2. Қакой твой номер телефона?  3. Вот эта книга стоит сто пятьдесят теңге. 4. Здесь есть заповедник.  5. У этого ребенка нет хорошего воспитания. 6. Вы сами готовтесь к экзаменам.  7. Они сами вымоют пол. 8. Ты мне что- то сказала?  9. С тех пор прошло несколько времени.  10. Каждый ученик должен знать свои обязанности.  11.  С ним я пойду и в огонь и в воду.  12. Я живу на той улице.      

 

«Есімдік» тақырып бойынша шағын бақылау жұмысын орында.

 

1. Жіктеу есімдігін тиісті септік жалғаумен жазыңдар.

1. Ол театрда /мен/ танысты.

2. Кәрім /сен/ кездеспеді.

3. Сәрсен қонақта /біз/ бірге отырды.

4. Сәуле ауылда /олар/ болыпты.

5. Самат /сендер/ асханада кездесер.

2. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, есімдіктерді түріне қарай талдаңдар:

1. Қызмет бабында біреуге дауыс көтеру Дәнештің әдетінде жоқ еді. 2. Кейбіреулер оны қалайда осындағы бір мекемеге бастық болып кетеді десіп жүр. 3. Біз өмірдің барлық қызығын бірге өткізіп жүрміз. 4. Бұл өмірдің әлдебір қуанышы мен қайғысы өзіме ерсі емес. 5. Менің ұлым соның ағасымен бірге болыпты.

3. Мына есімдіктерді септеңдер.

Мен, ол, біз, сіздер, мынау, бұл;

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдіктерді қойыңдар.

1. ... үй орталықта.

2. Мұрат ... әңгімесін ... айтты.

3. Әжем ... қонаққа келді.

4. Ораздың досы ... үйіңе келді ме?

5. ... адамдар ұшақпен саяхат жасайды.

6. Шетелде ... студенттер көп.

7. ... әкесі саяжайға кетті.

5. Аударыңдар.

1. Мне было трудно читать.

2. Он ничему не верит и с трудом сдерживается.

3. Никто не ответил на мой стук.

4. Он хотел закончит работу.

5. У него было страстное желание поохотиться.

6. Мама попросила дочку помочь ей прибрать квартиру.

 

 «Сан есім»  тақырып бойынша шағын бақылау жұмысы.

 

1. Сұраққа жауап беріңдер.

1. Дәрісханада неше оқушы бар?

2. Үстелде неше дәптер бар?

3. Сенде неше қалам бар?

4. Дәрісханада неше есік бар?

5. Үйде қанша терезе бар?

6. Онда неше бала бар?

7. Бізде неше банк бар?

2. Сан есімдерді жазбаша қазақ тілінде жазыңдар.

18, 28, 47, 78, 1988, 1995, 200, 75, 847, 315.

3. Мына тіркестерді аударыңдар.

37 книг, 45 копеек, 4 человека, второй этаж, 570-ый автобус.

4. Орыс тіліне аударыңдар.

1. Ол алтыншы қабатқа орналасты.

2. Олардың фирмасы бұл сапарға екінші рет келді.

3. Мен хатшыға 2 билет бердім.

4. Бұл кездесуге Қытайдан 4 өкіл келді.

5. Сіз бесінші орынға отырыңыз.

6. Қонақ үй бастығының бөлмесі жетінші қабатта.

7. 13-қыркүйекте Қазақстан делегациясы елге ұшып келді.

5. Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырыңдар. Сонда қандай сұрақ қойылатын табыңдар?

Бесінші қабат, жетінші сұрақ, тоғызыншы бет, екінші касса, он төртінші қатар, сегізінші қайық.

 

 

 

Жетінші – сегізінші сабақтар                                                                             

Тақырыптар: «Етістік.  Етістер. Есімше»

  ЕТІСТІК

 

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Етістіктер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ырықсыз етіс пен өздік етіс жұрнақтары сабақты етістікке жалғанып, оны салт етістікке айналдырады.

         Етіс жұрнақтары кейде бірінің үстіне бірі қабаттасып та жалғана береді.

 

 

 

 

Етістіктің өзіне тән ерекше категориялары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                       Етістіктердің шақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Етістіктің райлары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Тапсырмаларды орындау.

 

1 – жаттығу.   Берілген сөздерден  жұрнақтар арқылы туынды етістіктер жаса және ауызша жай сөйлем құр.

 

   Ой, тұз, орын, би, тәрбие, жас, жыр, қыс, дос, ақыл, ескі, алыс, ұзақ, таға, жақын, қысқа, майда, көз, сыр, тіс, тез, сылдыр, із, қол, қап, жаңа, той, тер, пана, ауыр, жеңіл, жиі, терең, ілгері, жай, екеу, он, алақай, ақ, серт, тіс. кел, оқы, аяқ, арқа, жұдырық.

 

2 – жаттығу.    Болымсыз етістіктердің қалай жасалғанын айт.  Мақал – мәтелдердің мазмұнын түсіндір.

 

Ақыл азбайды, білім тозбайды.                                                                                                                                       Жауға жалынба, досқа тарылма.                                                                                                               Өнер білсең, өлмейсің.

Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, істеген ісін сұра.

Жаманға сырыңды айтпа, сырыңды айтсаң, шыныңды айтпа.

Жақсы кісі өлмесін, жамандықты көрмесін.

 

3 – жаттығу.    Көп нүктенің орнына етістіктің болымсыз жұрнағын қойып, мақал – мәтелдердің мазмұнын түсін,

.

   1. Күл ... досыңа, келер басыңа.  2. Білмеске бер... , сенбеске айт... .  3. Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұра... .  4. Ертеңгі асты таста... , кешкі асқа қара... .

5. Бал тәтті екен деп, бармағыңды жұтып қой... .  6. Жалған сөйлеп, би бол... .  7. Бойыңа мақтан..., ойыңа мақтан.  8. Біреуге пышақ оқта... , қара пышақ қарыс ұзарады.  9. Бұзыл-

ғаннан бұйым ал... .

 

4 – жаттығу.    Көп нүктенің орнына есімшенің жұрнақтарын қойып, сөйлемдерді аяқта.

Олардың қай шақта тұрғанына назар аудар.

 

   Әкесі әуелде көп – көп ертегілер айт... . «Еділ - Жайық»,  «Жұпар қорығы»,  «Құламерген» - бәрі де айтылды, оның әңгімелерін түсте де, кешке де, тіпті көш бойы да Абай айтқыза бер… болды. (М.Әуезов).  Берген ал… , еккен ор… . (Мақал). Баланың аты

Батыржан бол… .  Бала  бұрын  акуланың жыртқыш балық екенін талай рет есті… . (С.Тұралдиев). Алысқанды алып ұр… білегім, қамала… жаудан қайтпа… .(М.Өтемісұлы)

 5 – жаттығу.    Көп нүктенің орнына тиісті есімшелерді қой. Сөйлемдердің мазмұнын түсін.

    Керекті сөздер: сыйламаған, сатып алған жоқ, түсінбеген, тыңдаған емес,болған жоқ, ойнаған емеспін, келмеген.

 

  1. Кітапты қымбатқа ... . 2 . Ұнамайтын әндерін  ... .  3.  Оның ешқандай кінәсі ... .

4. Мен ешқашан домбырада ... . 5. ... сұрағымды сұрап аламын.  6. Кеше ... қонақтар бүгін келді . 7. Үлкенді   ...   адамды жақсы көрмеймін.

 

6- жаттығу.   Етістіктерді келер шақ есімше тұлғасында,  I жақта жаз.

 

   Үлгі:  қайт +тар+мын.

 

   Шақыр, тоқта, қуан, сөйле, біл, түс, мін, бер, қал, тап, қи, баста, аяқта, аудар.

 

7 – жаттығу. Етістікті өткен шақ  және келер шақ есімше түрінде жұптап, жекеше түрде тәуелде.

   Үлгі: Менің сен+ер-ім  -  сен+ген-ім.

    Жаса, аш, қос, күт, қал, қабылда, шыда, тіле, сыйла, жібер.

 

8- жаттығу.  Жақшадағы етістіктерді көсемшеге айналдыр.

 

 1.  Мен саған (бару) жатырмын.  2. Самат маған (айту) отыр. 3. Ләззат хат (жазу) отыр.  

4.  Сені  (көрмеу)  көп болды.    5. Бала кереуетте  (ұйықтау) жатыр.   6. Мен мына кітапы (оқу)  отырмын. 7. Студенттер емтихан (тапсыру) жатыр.  8. Меруерт әжесіне көйлек  (алу) жатыр. 8. Мұғлім бізбен  (сөйлесу) келеді.

 

9-жаттығу.  Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына өзгелік етіс жұрнақтарын қой.

 

     1. Қонақтар Көбекбай қарттан Кененді алдыр...уды  сұрады.  2. Бәрі бір жігітті әншіні

тап...уға жұмсалды.  3. Балуан Шолақ әнші баланы нөкерлеріне таптыр..ып алды.

4. Әнші балаға бай қой бақтыр...ып қойды. 5. Өз елі  Кененді  ал..ып, ән айт...ды.  

 6. Балуан әнші бала әншіні еліне бағалат...ды. 

 

10-жаттығу.    Сөздердің ішінен өзгелік етістегі сөздерді ажырат. Өзгелік етіс жұрнағы жоқ сөздерді сөз табына жікте.

 

  Сөйле. жуғыз, жалғыз, нағыз, әкелт, жылтыр, жатыр, шақырт, келтір, қостыр, жаптыр, батыр, ұялт, бөлдір, білгіз, семіз, тыңдар, көрсет, босатқыз, салғыз, апарғыз, оқыт, түсіндір, билет.

 

11- жаттығу.  Етістіктерді қазақ тіліне аударып, өзгелік етіс категориясына түрлендір.

 

  Завершить (аяқтатқызу),  расстаться, говорить, спешить, прыгать, слушать, думать, отменитс, мерить, оберегать, увеличивать, одевать, взять, соединить, жаловаться.

 

12-жаттығу.   Төмендегі етістіктердің қайсысына ортақ етіс жұрнақтары жалғанады, қайсысына жалғанбайды?  Екі бағанға бөліп жаз.

 

  Алыс, тап, көш, керіс, сәлемдес, шақыр, отыр, жүгір, таңда, кешір, оқыма,, шық, кел, құй,

қой, ізде, көр, жақ, жүрме, қуан, күл, жалын, білме, сұрар, болған, бітер, күтпе, достас, сақтан, келіс, кет.

 

 

 

  13 - тапсырма. Берілген етістіктерді пайдаланып, сөйлемдерді ырықсыз етіс тұлғасында өткен шақта аяқта. Өзіңді жауап кілт бойынша тексер.

 

            Керекті сөздер: бер, сақта, ал, тыңда, хабарла, айт, оқы, өсір, отырғыз, шақыр.

 

            1. Қонақтар кешкі сағат тоғызға ... .

            2. Терезенің алдына үй гүлдері ... .

            3. Бұл кітап мұражайда екі ғасыр ... .

            4. Президенттің АҚШ-қа сапары ресми түрде ... .

            5. Бұл шығарма қызығушылықпен ... .

            6. Қазақ тілінен көп тапсырма ... .

            7. Аулаға жеміс ағаштары ... .

            8. Тартылған күй радио арқылы ... .

            9. Саған бір емес, бірнеше рет ... .

            10. Астана қаласынан саяси хабар ... .

 

     14 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, орыс тіліне аудар. Адамның қандай көңіл күйін білдіретініне назар аудар.

 

            1. Біржан сал Сара ақынмен айтысқысы келді.

            2. Ақындар айтысын театрдан көргім келген.

            3. Әйтеке би дауды шешіп бергісі келеді.

            4. Шешендік өнерді бұрыннан оқып білгім келетін.

            5. Келешекте Әлібек Дінішев секілді әнші болғым келеді.

            6. Қазақ тілінде еркін сөйлегім келіп жүр.

            7. Көп білгің келсе, көп оқы.

            8. Кімнің сұраққа жауап бергісі келеді? 

       

    15- тапсырма.  Етістіктердің райларын анықта.

 

    1.Намысымызды жоғары көтерейік!  2.Сіздің кеше театрға  бар+ғы+ңыз кел+ді.  3.Ол мұғалімдердің білім дәрежесін үнемі көтеріп отыруына , өзін-өзі дұрыс ұстай білуіне үлкен талап қояды.  4.Адамды тәрбиелеу үшін алдымен өзіңді тәртіпке сал, жүріс- тұрысың , сөйлеген сөзің балаға үлгі болсын, мәдениетіңді арттыр, біліміңді көтер, сонда ғана жаңа дүниенің жаңа адамын тәрбиелей аласың.  5. Күннен күнге күші нығайып, бір нәрсені істегісі, білгісі, сынағысы келе береді. (М.Шолохов). 6. Алдағы көктемде жаңа машинамен жаңа жерге жаңа тұқым сепсек, жарқырап бір көрінсек деймін. (Ғ. Мұстафин).

                                                                                                                                                                                    

  16 – тапсырма.    Орыс тіліне аудар.

     

    1.Не обманывай меня, пожалуйста.   2. Хотя бы дождя не было..  3. Если увижу скажу.

4. Если будете, дети, учиться, то из светочи возгорится пламя. 5. (Жеміс пісіп толса екен, күз тезірек болса екен! )  Хотя бы фрукты быстрее созрели и наступила осень. 6. Пусть он выполнит работу.  7. Пусть твоё здоровье будет крепким!  8. Мы собираем в лесу ягоды и цветы

 

 17 – тапсырма.    Жазу  деген етістікті  райлардың әр түрінде  жікте.

 

         Мен жазамын. – Ашық рай.

         Менің жазғым келеді. – Қалау рай.

          Мен жазайын.     Бұйрық рай.

          Мен жазсам.  – Шартты рай.

 

18 – тапсырма.   Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңдар.

 

  Біз кешке театрға (бару). Одан үйге қашан  (келу).  Студенттер оқу залында сабақ (оқу).

Олар кең бөлмеде (ұйықтау). Сендер қайда (тұру). Мен пианинода ( ойнау). Менің інім коньки ( тебу).  Сендер көп (сөйлесу). Ол маған көп (келу). Мен қалада (тұру).

 

19 – тапсырма.  Сөйлемдерден есімшені тауып, оның атқаратын қызметін анықта.

  1. Студенттер оқаған сабақтарынан қыста емтихан тапсырған. 2. Менің айтар сөзім таусылды. 3. Қалаға баратындармен сөйлес. 4. Кететіндер жиналып жатыр. 5. Әсеттің әкесі кеше келген. 6. Жуған ыдыстарды Әлия сөреге қойды.

 

1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: шеш.

 
                                             Шеш

 

2. Тұлғасына қарай – негізгі түбір. Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі.

 

3. Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.

 

4. Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

 

5. Лексикалық мағынасы – қимыл-қозғалысқа берілген атау.

 

6. Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылауынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – етістік.

 

11. Ауыспалы осы шақ. Себебі, іс-әрекеттің қимылдың дағдылы қалыпта болып жатуын білдіріп тұр.

 

12. Мағыналарының жақындықтарына

қарай – амал-әрекет етістігі.

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтарын орындаңдар.

1. Нақ осы шақтағы сөзді көрсет.

    А)  Бармақ болды. В) Жатыр, С) Істейді. D) Айтқан. Е) Жазады.

2.  Етістіктен болған  баяндауышты анықта.

    А) Айтпағым - осы. В) Абай кітапқа үңіледі. С) Заман жастардікі. D) Біз жиырма төртпіз.  Е) Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік.

3.  Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсет.

    А)  Шөп шабылды (ма). В) Ол келіп (пе). С) Жамандыққа жуы (ма). D) Жақсылықтан

қаша (ма). Е) Өтірікке жол жоқ.

4. Қимылдық мағынаны білдіретін сөзді тап.

    А)  Қызыл, ақ, көк. В) Біреу, екі, үш. С) Күлу, оқы, тоқу. D) Паһ-паһ, ойпырмай.

Е) Күлкі, мінез, ой.

5. Бұйрық  райлы етістікті тап.

    А)  Алса екен еді.  В) Келейік, келсін. С) Барсам, болса. D) Келермін, бара жатырмын.

Е) Келсе игі еді.

6. Ырықсыз етістің сөйлемдегі қызметін анықта.

  Жоспарланған жүк уақытында жөнелтілді.

     А) Баяндауыш. В) Бастауыш. С) Пысықтауыш. D) Анықтауыш. Е) Толықтауыш.

7. Етістіктің бұрынғы өткен түрінде тұрған сөзді көрсет.

     А) Сезді.  В) Сезілген.  С) Сезбек.  D) Сезген.  Е) Сезгер.

8. Еліктеуіш сөзді көрсет.

     А) Шыр-шыр.  В) Үйге қарай.  С) Ойпырмай ай.  D) Шөре-шөре.  Е) Жә.

9.  Болымды етістікті тап.

.    А) Сыз.  В) Барма.  С) Сұрама.  D) Айтпа.  Е) Тасыма.

10.  Негізгі етістікті тап.

      А) Отырғыз.  В) Аула.  С) Үйренуші.  D) Шығар.   Е) Ал.

11. Қалау райлы етістік пен көмекші етістік арқылы жасалған жақсыз сөйлемді тап.

     А) Менің көрсеткім келмейді.   В) Кімнің келіп жатқанын тіпті біліп болмайды.

С) Менің бір жерге тұрақтамауыма тура келді.   D) Он минутта онжылға қартайған болуым керек.     Е) Оның төбе шашы тік тұрды.

12.  Жіктік жалғаудағы II жақ  көпше түрде тұрған сөзді тап.

      А) Барамыз.   В) Баруға.   С) Барасыңдар.   D) Барады.   Е) Барасыз.

13.  Бұйрықты сөйлемді көрсет.

     А) Дұшпанға тастай қатты бол.  В) Тілсарқылмас ғылым.  С) Ақылды адам айтқызбай біледі. D) Япырым-ау, қайда сол күндер.  Е) Көп алғысы көгертер.

14.  Тұйық етістік жұрнағын тап.

       А)  -ып.    В) –й.   С)  -а.   D)  -у.   Е)  -е.

15.   Тұйық етістікті тап.

       А) Жоқтады.    В) Көрген    С) Сүй.   D) Ойлау.  Е) Тіле.

16. Етістіктен жасалған зат есімді көрсет.

       А)  Дәптер.   В).  Бұрғы.   С)  Талапты.   D) Қашыла.   Е) Тарсыл.

17. Болымсыз етістіктің жұрнағын көрсет.

      А) – ма , –ме. . В) –лар, -лер.  С) –ыншы, -інші.  D) ған, -ген.  Е) – дап, -деп.

18.  Шартты райлы сөзді тап.

      А)  Достарыңды шақыршы.  В)  Мектептен балам тезірек келсе игі еді.  С) Балықшы балық аулады.  D)  Ол оқымаса, мен оқимын.  Е) Біздің студент болғымыз келеді.

19.   Сабақты етістікті көрсет.

     А)  Кітап үстелде жатыр.  В) Мен кітап алдым.  С) Кітап- білім бұлағы.

D)  Оқушылар кітаптан көшіріп жазды.  Е)  Кітаптың беттері таза.

20.  Ауыспалы осы шақ етістікті тап.

     А)  Қазір балалар  бос емес.  В) Үйдің алдында ағаш өседі.  С) Сен ертең келесің бе?

     D)  Кезекші гүлді суарды.  Е)  Әкем жұмысқа ерте кетті.

21.   Негізгі түбір етістікті көрсет.

      А)  Алыңқыра.  В)  Келтір.  С) Ойла.  D) Жатырқа.   Е) Тұзда.

22.  Ортақ етіс бар сөйлемді көрсет.

       А)  Таңертең тұрганда жуын, таран .  В). Бір аптадан кейін жұмыс аяқталды.  С). Олар хат жазысты.  D). Хат ауылға жіберілді.   Е) Мен оған үйіне хат жазғыздым.

23.  Өткен шақ есімшені тап.

       А)  Мен саған айтқанмын.  В) Айтатыным жоқ.  С) Ол көп сөйлейтін.   D) Сәния бұл кітапты оқыған.   Е) Ол мені тыңдар.

24.   Болжалды келер шақты көрсет.  

       А) Айтармын.   В) Сөйлеп отырмыз. С)  Сөйлей кетті.   D) Қарайтын.  Е) Айтқалы.

25.   Мақсатты келер шақты көрсет.

        А)  Сен барасың.  В) Сендер барасыңдар.  С) Сендер жазбақсыңдар.  D) Сен жазасың.

 

Тапсырма:  Өлеңнен  етіcіктерді  теріп жаз, олардың шақтарын ,  болымды, болымсыз түрін, райларын  анықта.

 

   Сен ғылымға болсаң ынтық,                            Түн сықылды тым түнеріп,      

   Бұл сөзімді әбден ұқ;                                          Көзді тартып байлама.

   Білгеніңнің жақсысын  қыл,                             Күндізі бол, байқасын жұрт

   Білмегенді біле бер.                                           Келгені мен кеткенін.

  

   Білген ердің бол шәкірті,                                   Сусағанның сусыны бол,

   Білмегенді қыл шәкірт.                                      Су сықылды сұп – cуық.

   Үйренуге қылма намыс,                                     Бірақ ондай болма салқын,

   Үйретуге болма кер.                                            Болма өртеп жандырып.

 

    Өнеріңді құр шірітпе,                                        Жер сықылды пайдалы бол,

    Орныңа анық жұмсамай.                                   Пайдалансын ел сенен.

    Өкініші кетпес оның,                                         Тасты жердей болма қатты,

    Өз бойыңда босқа өлер.                                     Тілме жұрттың табанын.

 

    Қай ғылымды білсеңіз де,                                  Сен бұлттай бол көлеңке,                                  

    Қазір оны елге жай.                                             Мезгілімен бер жауын.

    Құр ішінде кеткеніңше,                                      Сел ағызба , жай түсірме,

    Пайдалансын өзгелер.                                         Бұзба елдің шаруасын

 

    Шын наданға білгеніңді                                      Дариядай дап-дайын бол,

    Ұқтырма деп ойлама.                                           Пароходпен жүрсе де.

    Қанша бидай шашсаң-дағы,                                Болма толқын, ашпа құлқын

    Болмас егін тасты жер.                                         Жұтамын деп баршасын.

 

    Тотыға тіл үйретілсе,                                                      Ш.Құдайбердиев.

    Сөзі – адам, өзі- құс.

    Сол сықылды ол наданды

    Ермек үшін  сөйлетер.

 

    Кісі бағын деме бағым,                                             

    Өз денеңді нұрлы қыл.

    Ай сықылды болма жарық,

    Қарыз алып күн нұрын.

 

 

«Етістік» тақырып бойынша бақылау жұмысын орындау.

 

1. Болымсыз етістік жасаңдар.

а)         ки - ...                         сана - ...

            істе - ...                       жат - ...

            іш - ...                         бар - ...

            биле - ...                     жаз - ...

            кіріс - ...                      бас - ...

            жина - ...                    оқы - ...

ә) кереуетке отыр! - ...

    Есік аш! - ...

    Қатты сөйлеңдер! - ...

    Хат жазыңыз!  - ...

    Кітап әкел! - ...

    Қарындаш пен қағаз алыңдар! - ...

    Қармен ойна! - ...

б)         аудар - ...                               сөйле - ...

            қайт - ...                                 апар - ...

            күт - ...                                   тыңда - ...

            шақыр - ...                              әкел - ...

2. Мына етістіктерді жіктеңдер.

Күт – күтпе – күтпеген

Келер – келмес – келмек

3. Сөйлемдерді көшіріңдер. Сөйлемдер соңындағы –ма, -ме, -па, -пе, -ба, -бе болымсыз етістік тудыратын жұрнақ па, немесе шылау ма айырып, дұрысын жазыңдар.

1. Сабақтан кешік (пе).

2. Оқушылар клубқа жиналып (па).

3. Өтірік айтушы бол (ма).

4. Айтқаныма түсінбедің (бе).

5. Наданмен ерегес (пе), қатарыңнан қалыс (па).

6. Айтпадым (ба), әлде түсінбедің (бе).

4. Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңдар.

Біз кешке театрға (бару).

Одан үйге қашан (келу).

Студенттер оқу залында сабақ (оқу).

Олар кең бөлмеде (ұйықтау).

Сендер қайда (тұру).

Мен пианинода (ойнау).

Менің інім коньки (тебу).

5. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын жалғаңдар.

1) Мен бүгін лекцияда бола... .

2) Біз үйде сағат үште бола ... .

3) Асқар, сіз қашан келе... ?

4) Сен кітап оқып отыр... .

5) Мен мұғаліммен сөйлеспек... .

6) Ол ертең сабаққа бармақ... .

7) Мен биыл үйлене... .

8) Мұрат суық суға жуына... .

9) Сен оның сөзіне сенді... бе?

6. Етістікті ауыспалы осы шаққа қойыңдар.

1) Мен қалада (тұру). 2) Менің әкем дүкенне азық-түлік (әкелу). 3) Талғат суретті          жақсы (салу). 4) сендер көп (сөйлесу). 5) Ол маған күнде (келу).

7. Етістікті болжалды, мақсатты келер шақта жазыңдар.

ойна - ...                     отыр - ...                    жу - ...

жаз - ...                       жатыр - ...                  тара - ...

сана - ...                     пісір - ...                     сыйла - ...

айт - ...                       қара - ...                      көр - ...

8. Сөйлемді отыр, тұр етістіктерінің бірімен толықтырыңдар.

1. Қарындасым бүгін үйде ... . 2. Орындық бұрышта ... . 3. Сіз мұнда не істеп ... ? 4. Олар мәтінді аударып ... . 5. Менде ақша болмай ... . 6. Біз ұшақта ... . 7. Көрме ашық ... ма?

9. Сөйлемді аяқтаңдар.

Сиыр (не істейді?) мөңірейді.

Жылқы ...                   Ит...                            Әтеш...

Мысық...                    Қозы мен лақ ...        Түйе ...

10. Тиісті қосымшаны жазыңдар.

Мен студент... . Мен Алматы... тұрамын. Біздің үйіміз Әуезов көшесі... . Сен қазақ... ба? Сіздің әке... жас па? Біз қазақша сөйлей... . Олар ағылшын... сөйлейді. Сіздер қай тілде сөйлей... ?

11. Сөйлемді аударыңдар (Жедел өткен шақ).

1. Берік биыл мектеп бітірді.

2. Сіз Алматыда тудыңыз ба?

3. Біз асханада болдық.

4. Олар қазақ тілі сабағында сөйлесуді үйренді.

12. Етістікті жедел өткен шаққа қойыңдар.

1. Мен музыка тыңда... .

2. Біз көп ұйықта... .

3. Федор үйге қазақша хат жаз... .

4. Сіз ерте тұр... .

5. Сендер маған кел... .

13. Сөйлемдегі етістікті бұрынғы өткен шаққа айналдырыңдар.

1. Биыл мен бірінші курсты бітіремін. 2. Мұнда оқу үшін келдім. 3. Біз Алматыға жақын тұрамыз. 4. Сайра інісінен хат алды. 5. Мектепте тоғыз жүз оқушы бар. 6. Қыста адамдар жылы киім киеді.

14. Төмендегі жұрнақтармен етістіктің етіс категориясын жасаңдар:

-ыр, (-ір, -ар, -т, -с) – ыс, -іс, -ын, -ыл, -тыр, -қыз, -      оқу,  жазу, айту, сұрау, кию.

15. Берілген сөйлемдерді жазып, ондағы есімше мен көсемшені тауып, қызметін анықтаңдар:

1. Әдепті қылықтарын өзгерткен емес. 2. Бір тумақ бар, бір өлмек жоқ. 3. Абай соншалық рахаттанып, сүйсініп күлді. 4. Оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық. 5. Жазарың болса, айт. 6. Қазір уақыт жоқ, сосын жазарсың. 7. Ол елшінің сөзін тыңдамақ.

16. Төмендегі сөйлемдерден есімшені тауып, оның қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңдар.

1. Студенттер оқыған сабақтарынан қыста емтихан тапсырған. 2. Менің айтар сөзім таусылды. 3. Қалаға баратындармен сөйлес. 4. Кететіңдер жиналып жатыр. 5. Әсеттің әкесі кеше келген. 6. Жуған ыдыстарды Әлия сөреге қойды.

17. Мына етістіктерден есімшенің және көсемшенің үш түрін жасаңдар: істеу, орындау, түсу, көрсету, жасау, бару.

18. Етістіктің шақ формаларын анықтаңдар.

1. Әйгерім мектепке келе жатыр.

2. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай 1845 жылы Семей облысында туған.

3. Мен асханада бір мезгіл тамақтанамын.

4. Біздің мұғалім деканда отыр.

5. Біз жазда Қырымда демалмақпыз.

6. Бұл фильмді олар кеше көріпті.

7. Ертең кешке маған телефон соғарсың.

19. Етістіктерді өткен шаққа қойыңдар.

Барды, алады, орап береді, сатып алады, жетуге болады, келеді, көтеріледі, соттайды, барады, демалады, жазады, кездеседі, ішеді, емделеді, жақсы көреді.

20. Төмендегі етістіктерді 3 шақта, етіс және рай категориясына айналдыра отырып, қойыңдар.

Хабарлау, талқылау, қолдау, аралау, қол қою, жеткізу;

21. Мына етістіктерді тиісті рай формасына қойыңдар (шартты, қалау, бұйрық рай).

а) Егер мен ішінде сапар (шегу), көптеген мәдениет орындарымен танысамын.

ә) Шетелге қызмет бабымен барып, ол мұражайларды (көру) келді.

б) Оқу бітірген соң, әке-шешеме (көмектесу) келеді.

в) Келіңдер, (танысу)!

г) Егер бастық келісім шартқа қол (қою), жұмысқа шығамын.

22. Мына етістіктерді тиісті рай формасына қойыңдар (шартты, қалау, бұйрық рай).

1. Егер мен базарға (бару), мен көкөніс сатып аламын.

2. Ол Лингвистикалық колледжде оқиды, өйткені оның аудармашы (болу) келеді.

3. Сендер кітапханаға барып, кітап (әкелу)!

4. Ертең күн суық (болу), мен жылы киінемін.

5. Жүріңдер, киноға (бару).                                      

 

    Тоғызыншы сабақ       

 

Тақырып:   « Үстеулер»

 

 

            Үстеулер құрамына қарай негізгі түбір үстеулер, туынды түбір үстеулер және күрделі түбір үстеулер болып үшке бөлінеді.

   1. Негізгі үстеулерге қазіргі кезде құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге

келмейтін үстеулер жатады.  Мысалы: жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын, жорта, жоғары, төмен, қазір т.б.

   

  2.    Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жағауларының түбірге сіңісіп,  көнеленуі арқылы жасалған үстеулер жатады.

 1)  -ша,-ше:   адамша, балаша, көзінше, ескіше, бұлбұлша.

 2) -лай-,-лей, -дай, -дей,-тай, -тей: шікілей, қыстай, осылай,ақшалай.

 3) - дайын,-дейін, -тайын,- тейін: тотыдайын (таранған), бұлақтайын (сарқылдап).

 4) –шама, -шеме, -шалық,-шелік  құранды жұрнақтар: осыншама (сөйледі), соншалық

      қуанды), осыншалық  (жүру).

 5) – майынша, -мейінше, байынша,-бейінше,- пайынша,-пейінше құранды жұрнақтар.

     айтпайынша (келмейді), оқымайынша (білмейді), тыңдамайынша (түсінбейді).

 

 

 

 

                                                           

 

 

 

Үстеу

 

Түрлері (Типы)

Мысалдар (Примеры)

І. Тұлғасына қарай

(По способу образования)

1. Негізгі (Непроизводные)

әрең, әзер (еле), әрі (туда, дальше), бері (сюда), дәл (точно), сәл (чуть-чуть).

2. Туынды (Производные)

ескіше (по старинному), мұнша (настолько), жаяулап (пешком), астыртын (подпольно).

 

 

ІІ. Құрамына қарай

(По составу)

1. Дара (Простые)

 

ерте (рано), кеш (поздно), тым (слишком), ерекше (особенно), басқаша (по другому), қыстай (всю зиму), кешке (вечером).

2. Күрделі (Сложные)

а) биыл (в этом году), бүгін (сегодня), бірталай, біраз (немало)

ә) анда-санда (временами), қысы-жазы (зимой и летом)

б) алдын-ала (заранее), күні кеше (только вчера)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Мағынасына қарай

(По значению)

1. Мезгіл (Времени) қашан? (когда?), қашаннан? (с каких пор?)

кеше (вчера), бүгін (сегодня), ертең (завтра), қазір (сейчас), кешке (вечером), ертемен (с утра), ертесіне (на завтра), таңертең (утром), түнеугүні (тогда), жаздыгүні (летом), биыл (в этом году), былтыр

(в прошлом году), анда-санда (временами).

2. Мекен (Места) қайда? (где? куда?), қайдан? (откуда?)

әрі (туда), бері (сюда), жоғары (на верху), төмен (внизу), алға (вперед), артқа (назад), ішке (во внутрь), іште (внутри), ілгері (вперед), мұнда (здесь), сонда (там).

3. Мөлшер (Количества и меры) қанша? қаншама? (сколько?), қаншадан?

(по скольку?)

сонша, соншама (столько?), онша (не очень), едәуір (значительно, намного), бірталай (немало), бір-бірден (по одному).

4. Сын-бейне (Образа и способа действия) қалай? қалайша? (как?), қайтіп? (каким образом? каким способом?)

әрең, әзер (еле), дереу (тотчас), жедел, шапшаң, тез, жылдам (быстро), кенет (вдруг), түгел (все), ауызша (устно), өзгеше (по другому), осылай (так), тікелей (непосредственно), бірге (вместе), зорға (насилу).

5. Күшейту (Усилительные) қалай? (как?), қайтіп? (каким образом?),

 қандай? (какой?)

аса (очень), нағыз (настоящий), ең (самый), тым (слишком), айырықша (особенный), әбден (совсем, окончательно).орасан зор, әрең, керемет, дәл, сәл,

    кілең, әнтек, мүлдем, ерен, тым, ылғи, кілең, өңкей.

6. Мақсат (Цели) неге? (зачем?), не үшін?

 (для чего?),

 не мақсатпен?

(с какой целью?)

әдейі, біле тұра (специально), жорта (нарочно), қасақана (назло).

7. Себеп-салдар (Причины и следствия) нелікпен? (почему? отчего?),

 не себепті?

(по какой причине?),

қалай? (как?)

бекерге (напрасно), босқа, текке (зря), амалсыздан (вынужденно), лажсыздан, шарасыздан (поневоле).

8. Топтау (Разделительности) қалай? қаншалап? (как?)

екеулеп (вдвоем), бір-бірлеп (по-одному), он-ондап

(по-десять), аз-аздан (по-немножку), бас-басына (на каждого), жұп-жұбымен (по-парам), рет-ретімен

(по-порядку).

 

 

 

 

 

IV .                  Үстеудің талдау сатылары

 


Үстеу.

 

                                              1.    Құрамына қарай.

      

                                              2.   Тұлғасына қарай:

                                               а)   негізгі түбір;

                                               ә)   туынды түбір.

 

                                               3.   Құрамы мен құрылысына қарай:

                                                              

                                               а)   дара;

                                               ә)   күрделі.

 

                                               4.   Лексикалық мағынасы.

 

                                                5.   Грамматикалық мағынасы. 

 

                                                 6. Сұрағы.

 

                                                 7. Мағынасына қарай.           

    

                                                     

 

         Тілі әрқилы, діні әрқилы, ділі әрқилы Қазақстан халқын сүттей ұйытып, бір мақсатқа жұмылдырып отырғанымыз – азаматтардың арқасы. Ең бір қиын жылдарда да намыс туын жықпай, елдігімізді өзге жұртпен тең еткеніміз, бүкіл әлем сыйлайтын, санасатын деңгейге жеткініміз – азаматтардың арқасы.

                                                                                        Н.Назарбаев.

  

 

 

   Қайғылы көңілге қай-қайдағы үйір.

 

 

 

    Көкірегі  сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық.

                                                                  Абай.

 

 

                                              1. Бұл сөз бір құрамнан тұр: бұрын.

 


                                                      2. Тұлғасына қарай  - негізгі түбір. Себебі, сөздің ары

                                                        қарай бөлшектенбейтін мағына беретін бөлігі.

 

                                                      3.  Құрылысына қарай  -дара. Себебі, бір ғана негізгі

                                                         түбірден тұр.

 

                                                      4.  Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

 

                                                      5.   Лексикалық мағынасы – мезгілге берілген атау.

                                                   

                                                      6.  Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның

                                                        жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына-

                                                         үстеу.

 

                                                      7.   Бұрын – қашан? деген сұраққа жауап береді. Ендеше,

                                                         бұл- үстеу. Үстеу дегеніміз сөйлемде қимыл, іс - әре-

                                                         кеттің, сын- сапасының әр түрлі белгілерін, сипатын,  

                                                         жай - күйін білдіретін, өзгертуге келмейтін, грамматика-                                   

                                                         лық тұлғалармен түрленбейтін сөз.

                                                  

                                                       8.   Мағынасына қарай – мезгіл үстеу.

                                         

 

                                                       1.   Бұл сөз бір құрамнан тұр: төмен.

 

                                                       2.   Тұлғасына қарай – негізгі түбір.

 

                                                       3.   Құрылысына қарай – дара.

 

                                                       4.  Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына бар.

 

                                                        5.   Лексикалық мағынасы – іс - әрекеттің болу орнын,

                                                        бағытын білдіріп тұр.

 

                                                        6.   Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның

                                                        жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына-

                                                        үстеу.

 

                                                        7.   Төмен – қайда? деген сұраққа жауап береді.

 

                                                       

                                            8.   Мағынасына қарай – мекен үстеу.

 

 

 

 

 

    Тапсырма:   Схема бойынша   ОРАСАН ЗОР   үстеуді талдаңдар.

 

                             Тест сұрақтарын орында

 

1. Мезгіл үстеулі сөйлемді көрсет.

    А) Құс қанатымен ұшып, құйрығымен қонады.   В) Жомарт биыл келген.  С) Әйелдер Бөкеннің үйін сыпырып жатыр.  D) Аяғы жазылды ма өзінің?  Е) Олар егіннен мол өнім алу үшін жұмыстанады.

 

2.  Үстеудің жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз.

     А) Соншалық. . В) Сеніңше.  С) Қазақша.  D) Баяу.  Е) Бұлбұлдайын.

 

3. Үстеу – қай сөйлем мүшесі, белгіле.      Қайтатын күнім ертең.

     А) Толықтауыш.  В) Анықтауыш.  С) Пысықтауыш.  D) Баяндауыш.  Е) Бастауыш.

 

4.  Үстеудің қандай сөйлем мүшесі екенін белгіле.    Ол биыл елуге келді.

      А)   Толықтауыш.  В) Анықтауыш.  С) Пысықтауыш.  D) Бастауыш. Е) Баяндауыш.

 

5.  Үстеудің қызметін тап.     Ала жаздай не бітірдің, қарағым?

 А) Толықтауыш.  В) Мезгіл пысықтауыш.  С) Пысықтауыш.  D) Қимыл-сын пысықтауыш.

 

6.  Үстеу болатын сөз – сөйлемнің қай мүшесі, анықта.  Ала жаздай үй салумен болды.

      А)  Бастауыш. В) Баяндауыш. С) Анықтауыш. D) Толықтауыш. Е) Пысықтауыш.

 

7.  Дефис арқылы жазылатын үстеуді тап.

      А) Күні бойы. В) Таң сәріде. С) Күні бүгін. D) Құр босқа. Е) Келе сала.

 

8.   Мөлшер үстеуді тап.

       А) Едәуір өсіпті. В) Әрі – бері жүрді. С) Күні – түні оқиды. D) Әдейі барады.

       Е)  Бекерге айтқансың.

 

9. Себеп-салдар үстеуді тап.

        А) Онша жараспайды.  В) Таңертең барады.  С) Төмен түсті.  D) Босқа әуре болма.    

 

10.   Күшейткіш үстеуді көрсет.

        А) Әдейлеп шақырды.   В) Амалсыздан келіп отыр. С) Мүлдем білмейді.

         D) Шалқасынан құлады.  Е) Балаша мәз болды.    

 

11.  Мекен үстеуді тап.

        А)  Бүгін кетеді.  В) Жоғары тартты. С) Тез келді. D) Тым биік. Е) Жорта айтты.

 

12.   Үстеуден жасалып тұрған туынды  үстеуді тап.

         А)  Ілгері.  В) Осыншалық..  С)  Шалқасынан.  D) Бұрын.  Е) Бұлбұлша. 

 

 

1 - жаттығу.   Көркем  әдебиеттерден алынған мысалдардан үстеулерді тауып, үстеудің қай түріне жататынын ажыратыңдар.

 

1.   Ерте ояндым, жете алмадым. (Абай).

2.   Әлібек амалсыздан тоқтады.  (Ғ.Мұстафин).

3.   Оның еміс- еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана.  (Ғ.Сланов).

4.   Әубәкір оны жүр - жүрлеп сүйрей бастады. (Ғ.Мұстафин).

5.   Сен бүгін сонда барып қон да, ертең осында қайтіп кел. (С.Мұқанов).

6.   Амантай алда, Асқар кейінірек келе жатыр.  (С.Мұқанов).

7.   Мынау тіпті ұнамсыз екен. (Ғ.Мұстафин).

8.   Сенің басыңа күн туып қалғанын біз бірден – ақ сездік. (Ғ.Сланов).

9.   Ботагөз көрпесін кеудесіне шейін ғана жамылып , беті ашық, шалқасынан ұйықтап жатыр екен.  (С.Мұқанов).

10.   Бұрышта шоқшиып жүресінен отырған бір адам көзіне елестей кетті. (С.Мұқанов).

 

2 – жаттығу.    Мақал – мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңдер және құрамындағы үстеулер үстеудің қай түріне жататынын айтыңдар.

 

1.   Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

2.   Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.

3.   Ілгері басқан жасты кері қайтқан кейін тартады.

4.   Темір кессең, қысқа кес – ұзартуың оңай;

      Ағаш кессең, ұзын кес – қысқартуың оңай.

5.   Бұрынғының кісісі – бүгінгінің кішісі.

6.   Жылы – жылы сөйлесе, жылан іннен шығады.

7.   Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.

8.   Арық айтып, семіз шық..

9.   Асығы алшысынан түсу.

 

 

Оныншы сабақ

 

Тақырып: «Одағайдың түрлері.  Көмекші сөздер»

 

 

 

 

 


                                                   

                                                

 

 

 

        

                                                                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1- жаттығу.   Берілген сөйлемдердегі көп нүктенің орнына тиісті одағайларды жазыңдар.

 

   а)   ........ , тісім ауырып тұр, қабылдай ма?

   ә)   ........ ! Мына бөрік сізге керемет жарасады.

   б)   ........ ! Сонда қалай болады?

   в)   ........ !  Жарайсың, тура тигіздің ғой.

   г)   ........  !  Достар түгел жиналыпты.

 

2 – жаттығу.   Төмендегі көркем әдебиеттен алынған мысалдардан одағайларды тауып, қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтыңдар.

   1.   Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар. (Ғ Мүсірепов).

   2.   Әй, сол ма, тәйірі. Тайборы не істей алушы еді.   (Ғ.Сланов).

   3.   Әй, бәрі маған қарап қалыпсыңдар ... .  О, не болғанымыз, үндеспей қалғанымыз.

         (Ғ.Мұсірепов).

   4.   –Қап, жер соқтырды – ау! – деп,  Жамантайдың әкесі күйініп жылап тұр.(Иманбаев)

   5.   Ертеменен айқайлап,                           Жүрмесін деп қалыс қап,            

         Қайда екен деп ақылдым,                    Қайта-қайта дауыстап,

         «Ауқау-ауқау»,  ауқаулап –                «Қауыс- қауыс», қауыстап -

         Қай төлді мен шақырдым?                   Қай төлді мен шақырдым?

        Шұндындаған неме деп,                        Құйрық – жалы суылдап,

         Қойса жақсы келер деп,                        Тез жетсін деп суылдап,

         «Шөре – шөре», шөрелеп –                   «Құрау-құрау», құраулап -

         Қай төлді мен шақырдым?                    Қай төлді мен шақырдым,  (Ә.Ахметов).

 Талдау.

                                                               1.   Бұл сөз бір құрамнан тұр: уа.

 

                                                               2.   Тұлғасына қарай – негізгі түбір.Себебі , сөздің

                                                                      ары қарай бөлшектенбейтін негізгі бөлігі.

 

                                                               3.   Құрылысына қөарай – дара. Себебі, бір ғана

                                                                     негізгі түбірден тұр.

 

                                                                4.   Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағына

                                                                       бар.

 

                                                                 5.  Лексикалық мағынасы -  солғынданған адамның

                                                                       көңіл күйіне берілген атау.

 

                                                                 6.    Грамматикалық мағынасы – лексикалық мағы-

                                                                         наның жалпылануынан жасалған жалпы

                                                                         грамматикалық мағына  -одағай.

 

                                                                  7.   Мағынасына қарай  - көңіл –күй одағайы.

 

   

Тапсырма:  Құрау -құрау, бәрекелді, тәйт, ойпырай тсөздерді үлгі бойынша талдау.

 

     1- тапсырма.    Сөйлемдердегі көп нүктенің орнына жақша ішіндегі шылау сөздердің аудармасын жаз.

1.  Ол бүгін аңшы туралы ... (или) табиғат туралы мәтін оқыды.  2. Күй табақта Құрманғазы ... (и)  Тәтімбеттің күйлері жазылған. 3. Оқығанымның бәрін түсінемін, ...

(но) айта алмаймын. 4. Қазақ тілін бұрын оқыған жоқпын, ... (потому что) Ресейде тұрғанмын. 5. Өткен сабақта болған жоқпын, ...(поэтому) тапсырманы орындай алмадым.

6. ... (если) айтқаның дұрыс болса, ешқашан қателеспейміз. 7. Сен қазақтың белгілі әншілерін білесің (ли)?

 

2 – тапсырма.  Көп нүктенің орнына тиісті септеуліктерді қойып, жаттығуды көшіріп жаз.

Сөйлемдерді  аудар.

 

1. Іле өзені Қапшағайдан ... Балқаш көліне құяды. 2. Әміре Қашаубаев Париждегі концерттен ... Еуропаға белгілі болды. 3. Мақал –мәтелдердің мазмұны ... мұғалім әңгімелеп берді. 4. Бұл жерде ескерткіш ашылғанға ... еш нәрсе болған жоқ. 5. Құрманғазы өзінің күйлерін  не ... шығарған?  6. Шешендік сөздерді оқығаннан  ... әдебиетке қызығып жүрмін. 7. Үш ай қыстан ... көктем келеді, 8. Отан ... отқа түс. күймейсің

 

1 – жаттығу. Сияқты, туралы, сондықтан, таяу, бұрын шылауларын қатыстыра отырып, шағын әңгіме жазыңдар.

2 – жаттығу.    Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылау сөздердің астын сыз. Оларды түрлеріне ажырат.

 

   1. Үйдің үлкені де, кішісі де-осы. 2. Азамат болу үшін өмір сүрсек қой. 3. Қолына тек домбыра берсең болды, шырқайды да кетеді. 4. Өтірік пе, шын ба? 5. Айтқанына сеңгің келеді – ау, бірақ сөздері шындықтан алыс. 6. Бала «азаматсың ғой» дегенге мерейленіп қалды. 7. Ақындық пен әншілікті қатар алып жүру оңай емес. 8. Өмірден өз орнын тапқан –ды.

 

3 – жаттығу.   Сөйлемдерді көшіріп жаз.  Одағайларды тауып, тыныс белгілерін түсіндір,

                           одағайлардың түрін ажырат.

 

   1. Е, бейне, неғып тыжырынып қалдың? Дәл төбеңнен түскені жықпады –ау, ә, Абайдың? 2. Уай, Оразбай, не дауың бар? 3. Япырай, қалай өзгерген! Ән мен сөз қалай өзгерген!... Түу!  4. Бәсе, бүйтпесе Бәзекең бола ма? 5. Әй, осының бірінің түбі тегін емес.

6. Әттең, көз ашылар күнім жоқ... 7. Қап, қор болдық қой! Қапыда қалған басым! 8. Міне!

 Ойбай! ... Міне, түк жоқ! – деп, зарлап қоя берді.

                                                                                     («Абай жолы» романынан).

4 – жаттығу. Нүкте орнына қажетті одағайды қойып жаз.

 

1. ....... автобусқа үлгіре алмадым – ау.

2. ....... жыланды қарашы!

3. ....... мынау кім өзі?

4. ....... кіруге рұхсат па?

 

 

   Он бірінші сабақ.      Тақырып:  «Зат есімнің түрленуі».

 

 

Бақылау тапсырмаларды орындаңдар.

 

І. Көптік жалғауын жалғаңдар.

 

1. оқушы, қыз, қыс, бала, жоспар, әріп, кітап, қағаз, үй, колледж, бор, аға, қарындас;

2. есік, қағаз, айна, қатар, күнделік, қабырға, терезе, сызғыш, дәрісхана, гүл, перде.

 

ІІ. 1. Көптік ұғымды көрсетіңдер.

1. Менің апам дүкеннен сүт әкелді.

2. Базарда жарма, тары бар.

3. Қазақстанда қазақ, орыс, неміс, ұйғыр тұрады.

4. Үстелде нан, сүт бар.

5. Менің атам қымыз ішіп отыр.

6. Оқушылар сабаққа келді.

7. Көп адам қонаққа келді.

8. Әлденеше кісі үйге кірді.

9. Дастарханда бауырсақ, кәмпит, қант, нан бар.

 

2. – қыш, -кіш, -гіш, -лас, -лес, -дас, -дес жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

Көрсет..., заман..., өткіз..., көрші..., дастархан..., тазарт..., өнертап... .

 

3. Төмендегі сөздерді қазақшалап, жаңа сөз жызыңдар.

Литература, письмо, песня, ребенок, друг, молодой, аул, дорога, ручка.

 

4. –шы, -ші, -шақ, -шек жұрнақтарымен жаңа сөз жасаңдар.

сурет, көмек, құрылыс, шаңғы, бөл, келе, мақтан;

 

5. Мына сөздерді аударып, сөйлем құрыңдар.

Писатель, продавец, рабочий, дружба, герой, земляк, детство.

 

Септік, тәуелдік, жіктік жалғаулары

           І. 1. Септік жалғауын жазыңдар.

1. Біз... студенттер дәрісхана... сабақ оқып отыр.

2. Сәуле сағат бес... дүкен... нан... бару керек.

3. Ол апасы... үйі... бара жатыр.

4. Оқушылар демалыс... үй... теледидар көріп отыр.

5. Бүгін жиналыс сағат екі... болу керек.

6. Сен базар... көкөніс алу... бар.

 

2. Септік жалғауын жалғаңдар.

1. Мен кинотеатр.. отырмын. Сен кітапхана... бара жатырсың. Сіз емхана... келесіз бе? Ол кітап... алды ма? Біз дүкен... нан әкеле жатырмыз. Сендер Әлия... келіңдер! Сіз Арман... қарындасысыз ба? Олар Орбита ықшамауданы... бара жатыр.

 

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңдар.

Мен... тамақтанамын. Кітапханада кезекке.... Мен... оқимын. Менің ... мектепте жұмыс істейді. Ол жатақханада ... тұрады. Мынау ... кітабым. Ұлттық тағамдардан асханада ... бар.

 

4.  Жалғауларды жазыңдар.

Біз... үй... терезе... оңтүстік бет... . Мен... бос уақыт... отбасында өт... . Асқар... аға... университет... үш... курс... оқ... . Бүгін жиналыс сағат сегіз... бол... . Сен сабақ... түскі сағат бір... бар... . Ол... оқытушы... университет... екі... қабат... екі... жүз бес... дәрісхана... сабақ бер... тұр. Біз... топ... студент... алты... бөлме... тұр... .

 

5. Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жазыңдар.

1. Сенің ...(дауыс) естілмейді.

2. Менің ...(уақыт) болмады.

3. Мемлекеттің ...(мүлік) шашпа.

4. Дәмеш ...(ерін) жыбырлатты.

5. Нәрестенің ...(қарын) ашпасын.

6. Біздің ...(халық) бақытты.

           

           6. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді жазыңдар.

1. Інімнің ... үстелде жатыр.

2. Ағамның ... қабырғада ілулі тұр.

3. Студентттің ... бөлмеде жатыр.

4. Оның ... диванда отыр.

5. Менің ... қонақта.

6. Сіздің ... сабақта отыр.

7. Біздің ... шетелге кетті.

8. Асанның ... Америкада тұрады.

 

7. Жақша ішіндегі сөздерді аударыңдар.

1. /В году/ төрт /времена года/ бар: /зима, весна, лето, осень/.

2. Аптада /семь дней/ бар: /понедельник, вторник, среда, четверг, пятница, суббота, воскресенье/.

3. Кітапхана /находится/ бірінші қабатта.    

4. Біз қазақ тілін /изучаем/.

5. Оспан және Марат /на Медеу/ шаңғы теуіп жүр.

6. Әсел /в продовольственный магазин/ бара жатыр.

7. /За молоком, кефиром, сметаной/ кешке жақын бару керек.

8. /Моя подруга Айгуль/ қаланың орталығында тұрады.

9. /В микрорайоне «Жетысу»/ тоғыз қабатты әсем үйлер бар.

10. /Стихи Абая/ өте жақсы. /Это не театр Ауэзова,/ бұл-Абай театры.

11. Олар /в Талдыкурганскую область/ бара жатыр.

12. /Его мать/ егде адам емес. Сәуле /не идет/.

13. Дәрісханада /есть стулья, парты, столы/.

14. /Мне надо идти/ балабақшаға.

 

8. Мына сөздерді аударыңдар.

а) Наша старшая естра; ваш друг; наш город; его старший брат; твоя младшая сестра; мои младшие братья; мой дедушка; его мать; их сосед.

ә) От врача; из тетради; из Алматы; с Медеу; от вас; из книги; от Олжаса; с устава; у Карлыгаш; с работы; из овощей; из фруктов; из сахара; с мясом; из молока; из мяса; со сливками; со сметаной; с бульоном.

б) Город Актау, площадь Республики, магазин «Сымбат», река Тобол, горы Алатау, опера «Аида», балет «Спартак», кинотеатр «Байконыр», Каспийское море, озеро Балхаш, микрорайон «Орбита».

 

9. Қазақшаға аударыңдар.

Открой форточку, закрой дверь, приготовь кофе, купи мясо, свари суп, съешь хлеба с маслом, выпей молока, подай воды, вымой посуду, почисти ковер.

 

10. Көп нүктенің орнына табыс септігінде сөздерді қойыңдар.

1. Ол қалада үлкен ... көрді.

2. Мен қонаққа ... бердім.

3. Сен ... жинадың.

4. Сіз көшеде ... көрдіңіз бе?

5. Біз концертке ... сатып алдық.

 

11. Мына сөздерге тәуелдік жалғауын жалғаңдар.

Кітап, бала, топ, қала, оқулық, оқытушы, сөре, қалам, қағаз, сызғыш, қабырға, үстел, көз, сағат.

 

12. Қажетті жалғауларды жалғаңдар.

1. Бұл сенің бөлме... .

2. Оның ана... мектеп... мұғалім болып істейді.

3. Мынау – Бонн қала... .

4. Аялдама... көп адамдар троллейбус тосып отыр.

5. Зейнеш... апасы осында тұрады.

6. Оларға қала... бару керек.

7. Дәптер..., оқулық..., қалам... үстел... жатыр.

8. Семей облысы... көп аудандар бар.

9. Сіздердің кітапхана... кең, жарық және таза.

10. Мынау кім... дәптер...?

11. Қаңтар – жыл... бірінші айы.

 

13. Тәуелдік және жіктік жалғауын жалғаңдар.

1. Біздің отбас... үлкен.

2. Оқытушының дәптер... үстелде жатыр....

3. Мен кітапханада сабақ оқып отыр....

4. Оның аға... менің сіңлі... кітап әкеле жатыр....

5. Сіздің пәтер... нешінші қабатта?

 

14. Сөйлемдерден септік жалғауларын табыңыздар.

1. Асықпаған арбамен қоянға жетер. 2. Ер елімен жақсы, жер кенімен жақсы. 3. Атадан бала туар, атасының жолын қуар. 4. Тағасының күмісін айтпа, атыңның жүрісін айт. 5. Қалауын тапса, қар жанар. 6. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. 7. Ақыл – адам көркі, ақылдың сабыр – серігі (мақал).

 

15. Көп нүктенің орнына тиісті әріп жазыңдар.

Мектеп – мекте...ім                          есік – есі...ім

Кітап – кітап...ым                             күрек – күре...ім

Тарақ – тара...ым                              етік – еті...ім

Қалпақ – қалпа...ын                         бөбек – бөбе...ім

Көйлек – көйле...і                             сұрақ – сұра...ым

           

 

Тест сұрақтары орындаңдар.

 

1.         Көптік жалғауының дұрыс қолданылмауын тап.

            А) Қыздар. В) Жауаптар. С) Көліктер. D) Он оқушылар. Е) Студенттер.

2.         Көмектес септігіндегі сөзбен тіркесіп  тұрған шылауды көрсет.

            А) Тумен бірге. В) Ержан мен әкесі. С) Айтамын ғой. D) Айтса да. Е) Егер келсе.

3.         Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.

            А) Мың, жиырма, жеті жүз. В) Ағаш, адам, уақыт. С) Бойшаң. ұйымшыл, ауылдық.

            D) Бүрсігүні, орысша, бұрын. Е) Әдемі, жақсы, таза.

4.         Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды тап.

            А) Анаға сәлем. В) Кітапты беру. С) Кохоздың малы. D) Қалаға бару.   Е)Ауылдан      

            келген. 

5.         Тәуелдік жалғаулы сөйлем қай жақта келген?

            Сілекейі сорғалап, өкпесі ентіге соғып, ырс-ырс дем алады.

            А) І ж. Көпше. В) ІІІ ж. Жекеше. С) І ж. Жекеше. D) ІІ ж. Жекеше. Е) ІІІ ж. Көпше.

6.         Жіктік жалғауының екінші жағында сыпайы түрде тұрған сөзді тап.

            А) Әкімсіз. В) Әкімдер. С) Әкіммін. D) Әкімбіз. Е) Әкімге.

7.         Көмектес септігіндегі сөзді тап.

А) Есік(пен) төр. В) Қаз(бен) үйрек. С) Тіл(мен) жақ. D) Бала(мен) қыз.

Е) Келін(мен) бірге.

8.         Табыс жалғаулы сөздер көбінесе қай сөйлем мүшесі бола алады?

            А) Пысықтауыш. В) Бастауыш. С) Толықтауыш. D) Баяндауыш. Е) Анықтауыш.

9.         Ілік жалғаулы сөз бен тәуелді сөз тіркестерінің дұрыс қолданылмай тұрғанын тап.

            А) Алматы қаласы. В) Ақын арманы. С) Сендердің үйлерің. D) Сәуле тамағы.

Е) Бала қиялы.  

10.       Зат есімнен болған күрделі бастауышты анықта.

            А) Бәйге бригадаға беріледі. В) Жұрт тынышталды. С) Күн көзі бүгін тым өткір.

D) Ол инженер. Е) Ендігісін өздерің біле бер.

11.       Қалаға келді, байланысу тәсілін тап.

А) Барыс септік. В) Септік жалғау. С) Шығыс септік. D) Жіктік жалғау. Е) Тәуелдік жалғау.

12.       Септік жалғауында тұрған есімше тұлғалы сөзді тап.

            А) Оқығандар. В) Жолығатын. С) Көргенсің. D) Бергем. Е) Айтатынымды.

13.       Көптік жалғаулы сөзді көрсет.

            А) Келісер. В) Келгендер. С) Жатты. D) Алысар. Е) Отырыңыз.

14.       Жіктік жалғауының І-жағында тұрған сөзді тап.

            А) Адамсыз. В) Адамға. С) Адамсың. D) Адам. Е) Адаммын.

15.       Ілік септігінің дұрыс қолданылуын тап.

            А) Бізбен. В) Оқуың. С) Оның. D) Ауылың. Е) Бердің.

16.       Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын тап.

            А) Ала таяқ. В) Адам ету. С) Сәуір айы. D) Жүк көтеру. Е) Ел қуанышы.

17.       Жалғаулы сөзді тап.

            А) Балалы. В) Балапан. С) Билетте. D) Өнерпаз. Е) Балажан.

18.       Шығыс жалғаулы сөз тіркесін тап.

А) Көбі заңға бағынады. В) Атты қамшымен айдама, жеммен айда. С) Күрең былғарымен қапталған. D) Білімдіден ақыл шығар. Е) Алғашқы кезде ұнамады.

19.       Көптік жалғауын көрсет.

            А) Асар. В) Кептер. С) Дәптер. D) Күндер. Е) Жүзер.

20.       Тәуелдік жалғаулы сөзді көрсет.

            А) Тұлым. В) Айттық. С) Сезді. D) Апырым. Е) Сенімін.

21.       Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсет.

            А) Кітап. В) Ақылды. С) Күз. D) Көрікті. Е) Қағазды.

22.       Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын тап.

            А) Әкеміз. В) Әкеме. С) Әкемнің. D) Әкесін. Е) Әкені.

23.       Табыс жалғаулы сөз тіркесін тап.

А) Асқармен тез танысты. В) Былтырдан қалған жұмыс жоқ. С) Бөлінгенді бәрі жейді. D) Заңда көрсетілген екен. Е) Кең далада ұйықтап жатыр.

24.       Атау септігінде тұрған сөзді тап.

А) Ана сендерді шексіз сүйеді. В) Шанадан түскендерді танымадық. С) Ананың махаббатын құдіреттеңдер. D) Емтихан тапсырдық. Е) Мектепке кеше келдік.

25.       Барыс септігіндегі сөзбен тіркесіп тұрған шылауды көрсет.

А) Анамда болды. В) Сенен бұрын. С) Үйге қарай. D) Әкемен бірге. Е) Мыңнан астам.

26.       Тәуелдік жалғаудың 2-ші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді тап.

            А) Дәрігеріңіз. В) Дәрігеріміз. С) Дәрігерім.D) Дәрігерлерім. Е) Дәрігері.

27.       Жатыс жалғаулы сөз тіркесін тап.

А) Орамалмен беті-қолын сүртті. В) Интернатта оқып жүр. С) Тиынды қызғанып теңгеден айырылды. D) Қолынан келген қонышынан басады. Е) Аймақ төрт түлікке толды.

28.       Мына сөздердің қайсысы жіктеліп тұр.

            А) Ақылды. В) Есті. С) Оқыды. D) Оқиды. Е) Еңбекті.

29.       Барыс жалғаулы сөзді тап.

            А) Тара. В) Жағаны. С) Қылышына. D) Далам. Е) Береке.

30.       Ол сыныпқа кіріп, хабарландыру айтты.

            Зат есім нешеу?

            А) 4. В) 1. С) 3. D) 5. Е)2.

 

 

 

Он екінші – он үшінші – он төртінші сабақтар

 

        Тақырып: «Синтаксис. Сөздердің байланысу тәсілдері, түрлері»

 

 Мәтінді оқып, сөйлемдегі сөз тіркестерін көшіріп жазыңдар, түрлерін анықтаңдар.   Тапсырманы  топтасып орындаңдар.

                                                  

                                                             Мамандық

 

            Мамандық таңдау әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең » дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі көп. Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады. Жақсы маман болу үшін

еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек.  Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.

            Бала шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.

 

 Тест сұрақтарын орындаңдар.

1.Сөз тіркесін көрсет

      А) Он бес. В) Қара ала. С) Тас түйін. D) Талпынған бала. Е) Жарқ етті.                               2.   Септеулік шылауды көрсет.

      А) Тек апасы түннен бері мазасызданып, тынышы кетіп жүр.

      В) Сондай да сөз бола ма екен.

      С) Бір сәт үзіліс істеліп , ақын да, үйдегі үлкендер де сыртқа шықты.

      D) Абайдың қысылғанын Ділдә сезді, бірақ ол түк өкінген жоқ..

      Е) Не Көкше , не оның балапан таулары , не көлдері еш уақытта Асқарды тойғызған емес.

 

3        Орын тәртібі арқылы байланысқан сөздерді анықта.

А) Салқын кеш. В) Өлкені өрледі. С) Есінен танды. D) Жер жүзі. Е) Омардың әпкесі.

4.   Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсет.

      А) Мұражайға саяхат. В) Әр уақытта. С) Бас киім. D) Оқыған соң ұғу. Е) Бал арасы.

5.   Пысықтауыштық қатынасты тап.

      А) мамандық иесі. В) Төмен құлдырау. С) Сіздерде жоқ. D) Екі дос. Е) Оның кітабы.

6.   «Синтаксис» қай елдің сөзі ?

       А) Араб сөзі. В) Орыс сөзі. С) Қазақ сөзі. D) Грек сөзі. Е) Иран сөзі.

7.    Сөз тіркесінен болған атаулы сөйлемнің соңғы сөзі қай сөз табынан , белгіле.

        Қараңғы түн.

        А) Етістік. В) Зат есім. С) Сын есім. D) Есімше. Е) Сан есім.

8.     Анықтауыштық қатынасты тап.

        А) Жарқ етті. В) Кең үй. С) Қолмен үзу. D) Атамен әңгімелесу. Е) Асықпай сөйлеу.

9.     Сұраулы сөйлемді тап.

        А) Әркімнің бір арманы бар. В) Сабағыңды оқы. С) Театрға барушы ма едің.

        D)  Тапсырманы айт.  Е) Көзіңді қолыңмен сүртпе.

10.    Орын тәртібі арқылы байланысқан қабысуды анықта.

        А) Өзен жағасымен. В) Одан бұрын келді. С) Ертіс арқылы.  D) Болашақ қала.

        Е)  Жыл сайын.

11.   Сөздердің қосымша арқылы байланысын көрсет.

         А) Алтын сақина. В) Үйге беттедік. С) Әлгі адам. D) Аша тұяқ. Е) Ащы тамақ.

12.    Сұрау есімдігінен болған сұраулы сөйлемді анықта.

          А) Барған сен ғой? В) Атымды сұрадың ба? С) Уәдесінде тұра ала ма? D) Сенің

          атың кім? Е) Иә, атың?

13.     Қабысуды көрсет.

    А) Ал- азамат. В) Шығарма түйіні. С) Енжар оқушы. D) Кітапқа үңіл. Е) Он бес           .    мың.

14.     Қиысуды көрсет.

          А) Жазғы көйлек. В) Менің бақытым. С) Шақырылғандар келді. D) Еңбекті бағалау.

          Е) Он екі мың.

15.     Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысқан қабысуды тап.

          А) Ананы сыйлау. В) Үйіне қарай асығу. С) Екі дос. D) Әлияның ерлігі.                                                                                                                              

           Е) Білгенге маржан.

16.     Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын тап.

          А) Жаудың әскері. В) Сендерден алды.  С) Ауылға қайту. D) Біздің мақсатымыз.

          Е) Жаңа өмір.

17.     Көмекші есімді тіркесті тап.

          А) Орман іші. В) Ауылдың малы. С) Баланың бесігі. D) Сәуленің қуыршағы.

          Е) Зәуренің болашағы.

18.     Жанасуды көрсет.

         А) Көлік келді.В) Болашақтың жоспары.С) Ол кеше келді.D) Ертеңгі ас.Е) Ол-бала.   

 19.   Сөйлемдердің байланысу тәсілін көрсет.  

          Күн бұлттанып –ақ тұр еді, алайда жауа қоймайды.

          А) Дауыс ырғағы. В) Іргелес тұру. С) Септеулік шылау. D) Жағаулық шылау.

           Е) Демеулік шылау.

 20.     Еліктеуіш сөз тіркескен сөзімен қандай байланыста тұрғанын анықта.

           Бие митың аяңнан жаңылар емес.

           А) Қиысу. В) Матасу. С) Меңгеру.D) Қабысу. Е) Жанасу.

21.      Интонация арқылы байланысты көрсет.

          А)Ұзын қайың. В) Бригадирді іздеу. С) Мен көрдім. D) Мақтан құма. Е) Сәкен-әнші. 22.     Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын көрсет.

           А) Хат жаз. В) Анасына бер. С) Бақытты болу. D) Қырманға бару. Е) Сенің кітабың.

23.      Етістікті сөз тіркесті көрсет.

           А) Ақ ешкі. В) Тура келісіп тұр. С) Ақ тиін. D) Терең сай. Е) Қара қыз.

24.      Ол келген шығар.

           Сұраулы сөйлемнің жасалу жолын анықта.

            А) Дауыс ырғағы. В) Көмекші етістік, шылау. С) Сұраулық шылау. D) Есімше,

            көмекші етістік. Е) Сұрау есімдегі.

25.      Жалғау арқылы байланысты тап.

           А)Қалың орман. В) Ұсақ жәндік. С) Бірте- бірте түсіну. D) Батыр жігіт. Е) Үйге    

            кіргізу.

26.       Матасуды тап.

            А) Апта сайын келу. В) Оқуға ықыласты. С) Өмірге құштарлық. D) Басты байланыс

            Е) Ағаштың бұтағы.

26.       Сойлемнің түрін анықта.

            Майдан даласын еске түсіріңізші.

            А) Лепті.  В) Хабарлы. С) Бұйрықты. D) Сұраулы.

27.       Меңгеруді тап.

           А) Өзара бәсеке. В) Жарық ай. С) Құстың жемі. D) Сендер жеңдіңдер. Е) Қойдан     

           жуас.

28.     Қабысуды тап.

   А) Балапандардың қауырсындары. В) Ешкімге көрсетпе. С) Мың бала. D) Көктемді    

   күту. Е) Жалт бұрылды.

                Бақылау сұрақтарын орындаңдар.       

1.      Сөйлемдегі сөз тәртібін сақтап жазыңдар.

8.      Оқып, отыр, әжем, кітап.

8.      Ыдыс жуып шешем, жатыр.

8.      Мен, шахмат,әкем, ойнап отыр, атам.

8.      Інім, отыр, оқып, сабақ.

8.      Астында, ұйықтап, мысық, жатыр үстелдің.

 

2.      Сұраулы сөйлем жаса.

            1.Менің үйім Алматыда. 2. Алматыда ықшам-аудандар көп. 3. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын. 4. Қаланың ортасында үлкен дүкен бар. 5. Дүкеннен алма, шие шырынын сатып алдым. 6. Кілегей дәмді екен. 7. Тауық еті өте дәмді. 8. Әжем балық қуырды. 9. Мен орама ет жасадым. 10. Мына кеспе тұзсыз. 11. Сенің үйің колледжден алыс. 12. Мынау Әлияның кітабы. 12. Бүгін далада күн суық. 13. Сен студентсің.

 

3.Сөйлемді дұрыс құра.

            1. Мен, үйренгенім, ағылшын, келеді, тілін. 2. Стамбулда, інімнің, келеді, оқығысы.

  3. Келмейді, киноға, Әселдің, барғысы. 4. Сендердің, студенттеріңмен, танысқымыз, топ, біздің, келеді. 5. Келе ме сендердің, барғыларың, шетелге.  

 

  4.Мына сөздермен, сөз тіркестерінен сөйлем құра.

            Еңбек ету құқығы, еңбекке қабілеті бар адам,, еңбекақы, таныстыру, арыз жазу, керекті құжаттар, жұмысқа орналасу, өмірбаян, мамандық таңдау, бейім, пайдалы болу.

 

5.Сөйлем құраңдар.

Оқу/дос/сен/колледж/ерте/үшін/келу (ауыспалы осы шақ);

біз/үй/қала/отбасы/орналасу/орталық/көше (бұрынғы өткен шақ);

біз/дос/үй/артында/үй;

әке/демалыс/үй/ол/отыр (нақ осы шақ);

сабақ/бітіру/4.30./оқушы (өткен шақ).

6.Сөйлемдерді қазақшалаңдар. Жауап жазыдар.

1.      Где ты учишься?

2.      У вас есть друг?

3.      Как его зовут?

4.      Чем он занимается?

5.      Как вы проводите свой выходной день?

 

7. Сөз тіркестерін қазақшалаңдар.

Который час? Ровно в три? Половина первого? Без пятнадцати девять? Семь минут одинадцатого, в восемь тридцать, четверть пятого.

 

8.Сөйлемдерді қазақшалаңдар, жауап жазыңдар.

Что ты делаешь в понедельник?

Ты идешь в среду в театр?

Во сколько начало занятий в четверг?

Ты свободен в пятницу после обеда?

Где вы будете в воскресенье?

 

9.Қазақ тіліне аударыңдар.

а) Мой друг в прошлом году путешествовал на самолете. Он учитель в школе. Он очень хороший человек. Он летал в Москву. Из Москвы он приехал на поезде. Сегодня я учусь. Я студент. Я учусь в колледже. Наш колледж находится на улице Муратбаева. Я езжу на урок с другом на трамвае. Вчера было воскресенье. Мы на занятия не ходили. Я отдыхал дома.

ә) 1. На его стене висят часы. 2. В аудитории есть стол, парты, стулья. 3. В его книге есть красивый рисунок. 4. В его тетради нет записи. 5. Бумаги лежат в его сумке. 6. На его столе лежат ручка и бумаги.

 

 

10. Сөйлемдерді (ма, ме, ба, бе, па, пе) болымсыз жұрнақ арқылы  сұраулы сөйлемдерге айналдыр.

   1. Сен оныншы сыныпта оқисың. 2. Сыныпта үлгірмейтін оқушы жоқ. 3. Сен жыл мезгілдерін білесің. 4. Айгүл мына кітапты оқыды. 5. Иванов бүгін сабаққа кешігіп келді.

6. Саған өшіргіш керек.

 

11. Сөйлемдерге тыныс белгілерін қойыңдар.

   1. Сапармен Қазақстанға келсеңіз сізді қазақ халқы «Қош келдіңіз» деген сөзбен қарсы алады. 2. «Жолыңыз болсын» деген сөзбен шығарып салады. 3. Сен маған көмектесесің бе.

4. Сен кім блғың келеді. 5. Рақмет. Мен кассаға ақша төлеймін. 6. Сен спорттың қай түрімен шұғылданасың.  7. Жаңа оқу жылы құтты болсын. 8. Жағдайың қалай. 9. Денсау-

лықтарың мықты болсын. 10. Ата- аналар концертке риза болды. 11. Сабақ басталды ма.

 

12. Сөйлемдер қандай тәсілмен байланысқанын тап,  анықта, астын сыз.

   1.Гауһармен оқу жайында сөйлестім. 2. Мен бүгін сабаққа кеш келдім, өйткені сағатым тоқтап қалды. 3. Әлішер суық су ішті де кешке ауырып қалды. 4. Қып-қызыл мына алманы-ай. 5. Үйден мектепке дейін жаяу барамын. 6. Бақ ішінде ағаштар гүлдеді. 7. Мен кезекке сенен соң тұрамын. 8. Пілдер бәрін де: шөпті де, нанды да, алма мен қантты да, ағаш жапырақтарын да жейді. 9. Сізге тек қана сәт тілеймін! 10. Отан үшін отқа түс!

13. Сөйлемдердегі сөздің байланысу түрлерін анықта.

    1. Аппақ ет, қып – қызыл бет жап – жалаңаш,

        қарашаш қызыл жүзді жасырғанда.  (Абай).

   2. Мен көрдім.

      Сіз жазасыз.                            Біз үйренеміз.

       Сен –тамшы,                          Сізсіз жоқ қуаныш,

       Мен – тасқын.                        Өмірдің гүлісіз

       Көзімнің нұрысыз                  Көңіліме жұбаныш. (Абай).

3.       Өткірдің жүзі,                       Өрнегін сендей

Кестенің бізі                           сала алмас.           (Абай).

4.      Білімдіден  шыққан сөз,        Нұрын, сырын көруге,

талаптыға болсын кез.            көкірегіңде болсын кез.  (Абай).

5.      Орыс теріс айтпайды

      жаман деп оларды.   

                                 (Абай).

 

    Он бесінші сабақ

 

Тақырып: «Сөйлем мүшелері»

 

Бастауыш зат есімнен не зат есім орнына басқа сөздерден жасалады. Сұрақтары; кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? кімім? нем? кімің? нең? қайсысы? қаншасы? нешеуі? қайсы? нешіншісі? Мысалы: Оң жақтағысы (қайсысы?), екеуі (қаншасы?), әкем (кімім?) т.б.

            Бастауыш болатын негізгі тобы – зат есім. Зат есім : 1) жалқы, жалпы; 2) деректі, дерексіз; 3) жанды, жансыз бастауыш қызметін атқарады.

Есімдіктер зат есімнің орнында жүрсе, бастауыш қызметін атқарады.

 

Тұрлаусыз сөйлем мүшелері

  

    Сөйлемде айтылған негізгі ойды толықтыруға қызмет ететін мүшелерді – тұрлаусыз мүше дейміз. Оларға анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш жатады.

 

 Тапсырмаларды орындау.

 

1 – жаттығу. Сөйлемдерден анықтауышты тап, сұрақ қой.

1. Батыс Қазақстан – Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орын тепкен.

2. Сарыарқа – Ақмола, Павлодар облыстарының біраз бөлігін қамтиды.

3. Сарыарқа – Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы болып есептеледі.

4. Мұнда әйгілі Марқакөл бар.

5. Қазақстанның мұнай өндірісі осы өлкеде дамыған.

 

2 – жаттығу. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қой.

1. ... екі топқа бөлдік.                                                                                  балаларға

2. ... бүкіл Қазақстан мақтан етеді.                                                            цементті        

3. Мындаған жастар ... көмекке келді.                                                       отрядты

4. ... машиналар зымырап барады.                                                            жолмен

5. Қамқоршылар ... әкелген сыйлықтарын тапсырды.                            Қазақстанға

6. ... жиналғандар бүлдіршіндерге риза болды.                                        мерекеге

7. Сылақты ... араластырды.                                                                      жәшікті

8. Ұста ... шегеледі.                                                                                     Тоқтарды

9. Машина ... қалаға апарды.                                                                     рельсті

10. Теміржолшы сабы ұзын балғамен ... әр жерден ұрып барады.        күрекпен

 

3 – жаттығу. Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемдерді теріп жаз.

1. Табиғатты қорғауды өзіңнен баста. 2. Адал бала анасын ұмытпайды. 3. Сусыз өмір жоқ. 4. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. 5. Жер бетінде таза су ресурстары көп емес. 6. Ол – шындық. 7. Германия суды Швециядан сатып алады. 8. Көлдер ластанып жатыр. 9. Көлдің деңгейі төмендеген. 10. Бұл ойланатын жағдай. 11. Экология жайында көп оқыдым.

 

4 – жаттығу. Бастауыш пен баяндауышты тап. Олардың арасына тиісті тыныс белгісін қой.

1. Еңбек түбі береке. 2. Адамды адам ететін еңбек. 3. Адамға үлкен қауып ядролық жарылыстар. 4. Тәуелсіз Қазақстан ядросыз мемлекет. 5. Бұл ғаламшар деңгейіндегі маңызды мәселе. 6. Жер біздің ортақ үйіміз.

 

5 – жаттығу. Қандай? Қасы? Қалай? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін тап. Сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.

1. Қытайдың орталығынан басталатын бұл жол қазақтың кең даласын басып өтті. 2. Самарканд, Багдад қалалары арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. 3. Әр қала сайын керуен жолдары белгіленді. 4. Орта Азияда Қытайдың жібегі жоғары бағаланады. 5. Ұлы Жібек жолында талай сауда көздері ашылды.

6 – жаттығу.  Әр сөйлем мүшесіне сұрақ қоя білу және морфологиялық талдау жасау.

    Бостандық өздігінен келмейді. (Б.Майлин)  Асқар орындықта отыр.  Біз жиырма төртпіз. (Ғ.Мүсірепов). Олардың алдында ұзын бойлы, ақ қызыл ажары айқын көрінген қыз келді.

   Мысалы: Бостандық өздігінен келмейді.  Баяндауыш келмейді, сұрақ: не істемейді?

Келмейді не? Бостандық

 

Тест сұрақтарын орында.

1. Анықтауыш қатысып тұрған тіркесті тап.

А) Жалғыздың үні. В) Еріктен тыс. С) Қуанғанынан күлді. D) Жүгіріп келді. Е) Кешке қарай.

2. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді тап.

А) 1942 жыл. В) Бұлтты аспан. С) Мынау қоян жепті ғой. D) Мәдени, демалыс паркі.

Е) Бәріміз жиналдық.

3. Табыс жалғаулы сөздер көбінесе қай сөйлем мүшесі бола алады?

А) Пысықтауыш. В) Бастауыш. С) Толықтауыш. D) Баяндауыш. Е) Анықтауыш.

4. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді тап.

А) Іздеген жетер мұратқа. В) Әбіштен келген екен. С) Жауын сіркіреп тұр. D) Тау жақтан баяу жел соқты. Е) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.

5. Анықтауыш қызметінде тұрған белгісіздік есімдікті көрсет.

А) Ананың ісі. В) Қайсыбір адам. С) Тікұшақ. D) Өзінің тілегі. Е) Барлық халық.

6. Толықтауышқа тән «мен» қосымшасын көрсет.

А) Мен едім, мен едім. В) Сара мен Анар суға түсті. С) Әсеммен сөйлесті. D) Орнымен, ретімен бар. Е) Аян ертемен келген.

7. Анықтауыш қызметіндегі есімшені тап.

А) Біткен іске сыншы көп. В) Ол қиындықты көріп өсті. С) Белгілі ақынға сөз берілді.

D) Көрмес – түйені де көрмес. Е) Оқыған озар.

8. Табыс септігінің жасырын тұрған жалғауын тап.

А) Ала таяқ. В) Адам ету. С) Сәуір айы. D) Жүк көтеру. Е) Ел қуанышы.

9. Ілік септігінің дұрыс қолданылуын тап.

А) Бізбен. В) Оқуың. С) Оның. D) Ауылың. Е) Бердің.

10. Күрделі анықтауышты тап.

А) Кеш болса таяу. В) Шетінен пері соғып кеткендей. С) Қой мен ешкі аса пайдалы мал. D) Ауызының салымы бар екен. Е) Ашумен даурығып сөйлеп отырғанда, Абай сөзін шұғыл тоқтатып, іркіліп қалды.

11. Нем? Нең? – деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесі.

А) Баяндауыш. В) Бастауыш. С) Пысықтауыш. D) Толықтауыш. Е) Анықтауыш.

12. Тура толықтауышқа лайықты қосымшаны көрсет.

А) Ол бүгін бар-ды. В) Ол барды. С) Қағазды әкел. D) Ақылды бала. Е) Сазды жер.

13. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.

А) Амангелді – сынды батырын ел ұмытпас. В) Ағалы - інілі екеуіне сүйсіндік. С) Он - он бесі келді. D) Үгіт – насихат жұмысын жүргіз. Е) Көрмес – түйені де көрмес.

14. Атау септігінде тұрған сөзді тап.

А) Ана сендерді шексіз сүйеді. В) Шанадан түскендерді танымадық. С) Ананың махаббатын құдіреттеңдер. D) Емтихан тапсырдық. Е) Мектепке кеше келдік.

15. Табыс жалғаулы сөз тіркесін тап.

А) Асқармен тез танысты. В) Былтырдан қалған жұмыс жоқ. С) Бөлінгенді бәрі жейді.

D) Заңда көрсетілген екен. Е) Кең далада ұйықтап жатыр.

16. Анықтауыш қатыспаған тіркесті тап.

А) Мараттың ойыншығы. В) Шаңырақтың ағашы. С) Жақсыдан үйрен. D) Көк ала көйлек. Е) Терезенің көзі.

17. Пысықтауышты тап.

А) Әрі зат есім. В) Әріде болған оқиға. С) Сен әрнемені айтпа. D) Сабақта әрі жаздың, әрі оқыдың. Е) Әрі де – 3 буын.

18. Тура толықтауышқа лайқты қосымшаны көрсет.

А) Ақылды бала. В) Ол бүгін барды. С) Ол барды. D) Қағазды әкел. Е) Сазды жер.

19. Бастауыш болатын сөз.

А) Уәде беруге тура келді. В) Талғар жұртшылығы – тұрар елінде туғандарын мақтан етеді. С) Бұл жерде әдепсіздік жасауға болмайды. D) Қанағаттанбаушылық. Е) Еңбек ету.

20. Жатыс жалғаулы сөз тіркесін тап.

А) Орамалмен беті-қолын сүртті. В) Интернатта оқып жүр. С) Тиынды қызғанып, теңгеден айрылды. D) Қолынан келген қонышынан басады. Е) Аймақ төрт түлікке толды.

21. Табыс жалғаулы сөз тіркесін тап.

А) Қожаш ертемен қайтып кетті. В) Сумен ойнама  - батарсың. С) Дөненінде үйреткем.

D) Жақсыны көрмек үшін. Е) Халық қайғыдан арылды.

22. Есім сөзді баяндауышты сөйлемді көрсет.

А) Абырой – ар еңбегі. В) Дана ақыл сұрамас. С) Дұшпан дос арасынан шығады. D) Тура жүрсең, лебізің күймейді. Е) Жұмысы жоқ ит ойнатар.

23. Толықтауышқа лайықты қосымшаны тап.

А) Алға қарай тез адымда. В) Жуырда келмекші. С) Мен жазда келдім. D) Ол да барар. Е) Асанда кітап бар.

24. Барыс септіктегі сөзді тап.

А) Ғылым таппай мақтанба. В) Аспанды бұлт қаптады. С) Жанна пластинка қойды. D) Ол баласына өлең айтқызды. Е) Келемін тау ішінде түнделетіп.

25. Тура толықтауышты көрсет.

А) Оның ақылы көп хандардан артық болды. В) Мұз айдынында балалар көп жүр. С) Ол 40 уәзірін шақырды. D) Түйе үстінен сирақ үйткендей. Е) Ертеде Мадан деген хан болыпты.    

 

   

    Он алтыншы сабақ

 

«Оқшау сөздер. Төл сөз. Төлеу сөз»

 

 

 

 

 

 


 

 

 


 


            Қаратпа сөз дегеніміз – басқа береудің назарын аудару мақсатымен соған қаратыла айтылған оқшау сөздің бір түрі.

-         Раушан-ау, Мариямнан айрылып қалыппыз ғой! (Б. Майлин).

-         Осының бәрі рас, Абай.

-         Қазаққа қызыл тілге дес бергеніңмен, Базеке, сен де бұл жолғы дауды маған бер (М. Әуезов).

 

                                            Қыстырма сөздер

 

            Сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін, бірақ сөйлем мүшелерінің бірде-бірімен грамматикалық байланысқа түспейтін оқшау сөздің түрін – қыстырма сөз дейміз. Мысалы:  Әрине, күнкөріс қамы үшін шаруа бағып, мал өсірген де жақсы. Меніңше, өйтіп қорқып-сасатындай ештеңе жоқ (Қ. Жұмаділов).

           

Сөйлеуші не жазушы адам өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертпей сол күйінде келтірсе, ондай сөйлемді төл сөзді сөйлем дейміз.

        

 

Төл сөзді сөйлемдердің құрылымы және олардың тыныс белгілері

Бас әріппен жазылған автор сөзі: «Бас әріппен жазылған төл сөз», - кіші әріппен жазылған автор сөзі.

 
 


 

 

 

 

.

 

 

 

 

», -

 

 

 

: «

 

 
 

 

 

 

 

Мұғалім былай деді: «Әміре Қашаубаев – қазақ халқының талантты перзенті».

 

 

».

 

 

 

:    «

 

 
Анам маңдайымнан сипап: «Ұлым, арыңды жасыңнан сақта», - деді.


                                                                                                    Төлеу сөз

 

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана берсе, ол төлеу сөз деп аталады. Мысалы: Ол менен: «Сен қайда барасың?» - деп сұрады. – Ол менен қайда баратынымды сұрады.

 

ТӨЛ СӨЗДІ ТӨЛЕУ СӨЗГЕ АЙНАЛДЫРУ ЖОЛДАРЫ

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



                          Тапсырмаларды орындау.

  

   1-жаттығу. Төл сөзді сөйлемдердің тыныс белгілерінің қойылу ерекшеліктерін түсіндіріңдер. Төл сөз бен автор сөзінің орналасу реттеріне көңіл аударыңдар.

   Схема жасау.

Құнанбай тыңдап болды да: - Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді. Құнанбай салқын жүзбен , кінәлай қарады: - Сен оқыдың да, білім алдың, ұстаз көрдің. Біз надан өстік.  Бірақ сол білімің жұрт алдында ата сыйлауды неге білдірмейді саған? Көп көзінше таласып ке, әкеңді сүрінткенде не мұратқа жетпексің? (М.Әуезов).  --- Басталды ма! деп Көпей есікке қарай ойыса бергенде: -- Жабай білем! – деп Күнше жүгіре жөнелді. – Енді қорықпаймын. Қайта беріңіз, - деп Назыкеш жүзін аз ғана бұрды да, бөгелмей ілгері кетті.  «Осының өзін бидің құлағына салып қою керек болар» , -- деп ойлады Омар. (Ғ.Мүсірепов)

 

 

   2-жаттығу.   Төл сөз бен автор сөзінің ара жігін ажыратып, тиісті тыныс белгісін қойыңыз, оның себебін түсіндіріңдер.

 

   1. Әбдірахман кенет айда деді. 2. Егеубай шомның басына түсіп күрегін таяна тұрып сұрай бастады. Е, жиналыстан келдім дейсің бе Не жаңалық бар (Б.Майлин) 3. Түс ауа берген кезінде Жамалдың Сәтеке  Сәтеке жүр-жүр деген даусы естілді. Қолын бұлғап жүгіріп келеді өзі Қозы, қозы, алдыңғы екі аяғы көрінді. (Ғ.Мұстафин). 4. Тыңда деді әйел . Сен не істесең де адам ғанасың. Ал енді мен – ана! 5. Егер мені сата қалса, қанша беріп алар едің деген сұрауына, беті бұлқ етпестен  Жиырма бес әскер берер едім деген ғой.  

(Ғ.Мұстафин).  6.  Абай Айтыңыз, әке деп, Құнанбайдың жүзіне тура қарады да, тосып қалды. 7. Сүйіндік өз ішінен Алдырған албырт деп оның несін айтты екен деп , жақтырмады. 8.Үркімбайдың кішкене тұлымды қызы есіктен қашып кеп әкесінің қолтығына кіріп кетті де Атшабар, атшабар деді. (М.Әуезов).

 

   3-жаттығу.      Төмендегі төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазыңдар.

 

   Тыңдап тұрған жұрт иықтарын көтере түсіп: --Жәкен дұрыс айтады, бәріміздің де айтатынымыз осы! – десті. (Б,Майлин) – Қайын атаңа сен не деп жауап қайырдың?—

деді әке. (Ғ.Мүсірепов) Қара сақалды, сүйкімді, шырайлы қазақ құлагер биені бұрып,

қасыма жетіп келді: -- Шырағым, мен өткелден өткізіп салайын, мінгес! – деді. –Жоқ,

өзім-ақ өтемін ғой. Рахмет, жүре беріңіз!... дедім. (С.Сефуллин). –Повозкелеріңіз келді ме, ұнады ма? –деп Степан бір сөз қыстырды.  –Жоқ, ертең келер деп отырмыз,--деді Омар.

--Ақмоладан шыққалы төрт күн болды. (Ғ.Мүсірепов).

 

   4-жаттығу.    Төмендегі төлеу сөзден төл сөз жасап жазыңдар, тыныс белгілерін қойыңдар.  Схеманы жаса.

 

   Сыр алысып қалған Ушаков осы жетінің ішінде екеуін да тауып жіберетінін уәде етті.

(Ғ.Мүсірепов). Бақтыгүл келген соң-ақ  Жарасбай өз ниетін айтты. Бір жылдан бері Бақтыгүлді шын қиынға жұмсамай, қысталаң сын үстінде Бақтыгүл ер қайратына табылатын адам деп сеніп келгенін сөйледі. (М.Әуезов). Бәкен Раушанның ештемені сұрамай, мөрін басып беруін бұйырды. (Б.Майлин). Абай бұган күлді де, Шыңғыс деген белгілі хан атты екенін айтты.  Абай биік мансатын (карьера) биік жартас екенін айтады.  

 

5-жаттығу.  Диалогты рөлдерге бөліп оқыңдар. тыныс белгілеріне назар аударыңдар.

 

І — Сен ертең болатын «Шәмші әндері» кешіне барасың ба?

ІІ — Жоқ. мен көбіне теледидардан көремін.

І — Мен де бұрын теледидардан көретінмін.Енді ән кешіне билет алдым. Шәмшінің әндерін өте қатты ұнатамын. Біз отбасымызда сазгердің әндерін жиі айтамыз. Әсіресе анам нақышына келтіріп айтады.

ІІ — Маған да ол кісінің әндері ұнайды. «Менің Қазақстанымды» жақсы көремін. Патриоттық ән, нағыз туған жерге арналған ән ғой. Менде аудиокассетасы бар.

І — Мен де сатып алдым. Вальстері ұнайды, әуендері қандай сазды. Ұйып кетесің.

ІІ — Қандай әншілер қатысады екен? Нешеде басталады? Мүмкін әпкем екеіуміз барармыз.

І — Роза Рымбаева, Нағима Ескалиева Гүлмира Акүрпекова және басқалар. Жас әншілер де қатысады деп естідім. Теледидардан жарнамасы жүріп жатыр ғой. Ертең кешке сағат 18.00-де басталады.

ІІ — Жарайды. Әпкеме айтып көрейін. Билет болса, барармыз.

І — Жақсы, ертең кездесерміз. Ән кеші жақсы демалыс қой. Келіңдер. Сау бол.

ІІ — Сау бол.

 

 

Тест сұрақтары

 

1.  Қыстырма сөзді тап.

     А) Пай-пай.  В) Бірақ.  С) Менің байқауымша.  D) Уа, шіркін. Е)  О, жасаған.

2.  Одағай сөзді тап.

      А)Үшін.  В) Әкелді.  С) Кейін.  D) Енді.  Е) Бәреклді.

3.  Төл сөз сөйлемді тап.

    А)   Өлеңдері «Жас Алашта» жарияланды. В) Апасының «кішкенесі» - 20 жаста.

    С) «Шұға айныса, амалым жоқ,» -- деді Әбдірахман. D) Розаның «Әлиясын» бүкіл қазақ          

     сүйіп тыңдайды.  Е) Естігенді ұмытпас үшін не істеу керектігі айтылды.

4.  Төл сөзді сөйлемді тап.

     А) Ол даусын соза сөйлеп, өзінің Тайжан екендігін айтты.  В) Өнер алды – қызыл -тіл.

     С)  Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек. D) – Е, біз қайда кетеміз?! –деп Жетпіс   

     күйіп кетті.    

5.  Қаратпа сөзді анықта.

     А) Бала, бала деп құрақ ұшады. В) Бала тілі – бал.  С) Бала, баланың ісі -  шала. 

     D) Ескертуден қорытынды шығар, бала.  Е) Келіп кеткен сол бала.

6.  Тұлғасына қарай одағай түрін анықта.    Мәссаған.

     А)  Қос сөз. Б) Біріккен сөз. С) Дара одағай. D) Негізгі одағай.  Е) Туынды одағай.

7.  Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгіле.

     А) Рахмет ақсақал қош болыңыз» - деп меңгеруші бізді шығарып салды.

     В) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз, --деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

     С) –Рахмет, ақсақал, қош болыңыз — деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

      D) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

 8.  Қыстырма сөзді тап.   

      А)  Апырау.  В) Шынында.  С) Иә.  D) Еһе.  Е) О, сиқыр.

9.   Төл сөзді сөйлемді тап.

      А) Сабыр түбі  -- сары алтын.  В) « Жасу, жабырқау — халық  мінезі емес,- деп ойлады    

       Ыбырай, - ерлік, ізгілік қана халық мінезі..»  С) Бурабай – қазақ даласының ең 

      әдемі де қасиетті жерінің бірі. D) «Қозы Көрпеш» жыры қай заманда шықса да, Жетісу

      топырағында туған сияқты. Е) Біраздан соң, Базарлы өзі де шешіле түсіп, Абайдың

      саушылығын сұрастырды.

10. Қыстырма сөзді тап.

      А) Меніңше, сенің ойың дұрыс. В)  Түу, мына күннің боранын-ай. С) Бар болғыр, жай

      болушы ма еді? D) Қалай, құлағың ашылды ма? Е) Тәйт, қой дедім ғой мен саған.

11. Тұлғасына қарай одағай түрін анықта.   Қап, бәлем.

      А) Тіркесті сөз. В) Негізгі түбір. С) Біріккен сөз. D) Туынды түбір. Е) Қос сөз.

12. Қаратпа сөз көбіне қай тұлғада тұратынын анықта.

     А) Атау септігінде. В) Табыс септігінде. С) Барыс септігінде. D) Жіктелуі түрде.

      Е) Ілік септігінде.

13. Қаратпа сөзді тап.

      А) Екінші, ел алатын тәсілді айттыңыз. В) Естимісің, әке, ағаш ән сап тұр. С) Таяқты

      найза , мылтық қып кезенеді. D) –Астапыралда, - деді Итбай. Е) Неге екенін кім білсін? 

14. Көп құрамды төл созді тап.

      А) – Ырысты бастық болсын, Әбіш хатшы болсын, -   деп ұсынысын білдіріп: --Кел,

      үстелге жақын отыр,- деді.

      В) Сарымсақ атын айдай түсіп: - Қазір жетеміз, ауылдың төбесі көрінді,- деді.

     С) Нияз көңілді түрмен: « Алтын тауып келдім»,- деді.

      D) –Тіс те керек болар бұған! – деп жұмыскерлер бір кесек көмірді бірінен – бірі

      алып, қарасып жатыр. Е) – Мырзасын қарай көр! – деді біреу мысқылды үнмен.

15. Үшінші, мен ақымақ емеспін.

      Қыстырма сөз қай сөз табынан, анықтаңыз.

      А) Реттік сан есім. В) Бөлшектік сан есім. С) Есептік сан есім. D) Болжалдық сан есім.

      Е) Жинақтық сан есім.

16. Төлеу сөзді сөйлемді тап.

       А) Оқушылар: «Жаздыгүні біз тамаша  демалдық»,- деді.

       В) Жаздыгүні оқушылар жақсы демалды. С) Жаздыгүні біз тамаша демалдық.

       D)   Жаздыгүні олар тамаша  демалды. Е) Оқушылыр жаздыгүні тамаша демалғанын

       айтты.

17. Қаратпа сөзді көрсет.

      А) Әуелі, адамды түсіне білейік. В) Бәсе, бұл -  соның ісі. С) Пұшайт- пұшайт, қозым,

      қоңырым.  D) Сенің ойыңша, келешек туралы ойламау керек пе? Е) Біріншіден, айта –

      тын ойыңызды саралаңыз.

18.  Үтірдің қойылу себебін анықта.

       Балалар, біз тірі тұрғанда кедейшілікті көрмейсіңдер.

       А) Айқындауыш. В) Бірыңғай мүше. С) Қыстырма . D)  Қаратпа. Е) Оқшау сөз.

19.  Шақыру одағайын тап.

       А) Қап.  В) Ойпырым-ай.  С) Пәлі. D) Шөре-шөре.  Е) Бәрекелді.

20.  Төл сөзді тап.

       А) Осы апаңнан қоныс тауып, біз ошақ қаздық. В) «Амангелдіге» келісімен, бұл арман

       шыңына жетті. С) «Табылған ақыл, Мұқа!» -деп, Жарқын айналасына қарады.

      D) Күрең ат- Бөжейдің қыс мінетін аты. Е) тәртіп бойынша мен сіздерге есеп беруге

      міндеттімін.

 

 

     Он жетінші сабақ

 

Тақырып: «Салалас құрмалас сөйлем»

 

            Екі не одан да көп жай сөйлемдердің мағыналық және интонациялық тығыз бірігуі арқылы күрделі ойды білдіруге қызмет ететін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз.

            Салалас құрмалас сөйлем құрамындағы баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, және жалғаулық шылаулар арқылы баланысатын құрмалас сөйлемді дейміз. Мысалы: Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ. (Тәсмұқанов). Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді (Ғ. Мүсірепов).

                               

1 – жаттығу. Әр салалас құрмалас сөйлем сыңарлары (компоненттері) бір-бірімен қандай мағыналық қатынаста, қандай жалғаулық арқылы байланысып тұрғанын ажыратыңдар.

 

1.         Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ (мақал).

2.         Аманнан өзге балалары кескіндес екен: өңкей қара домалақ (Ғ. Мүсірепов).

3.         Қазір ол сақалын да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескіні де өзгерген

            (С. Мұқанов).

4.         Олардың сөздерінде бояу аз болды, бірақ тыңдаушы еріксіз ерте жөнелді

            (Қ. Жармағанбетов).

5.         Менде әрі документ жоқ, әрі бармақшы болған үйлердің адресі жоқ (С. Мұқанов).

6.         Не мен жатырқаған болармын, не сен өзгерген боларсың, мен рас танымай тұрмын (С. Мұқанов).

 

2 – жаттығу. Қазақ тіліне аудар.

 

            1. Дверь с грохотом открылась и сидящие резко(жалт) посмотрели. 2. Ну, а теперь и гости пусть отдохнут, и мы отдохнем. 3. Глаза боятся, а руки делают. 4. Не будь сыном отца, будь сыном народа. 5. Не смейся над другом, тебе вернется. 6. Ты после школы домой пойдешь, или зайдешь к своей сестре. 7. Сауле вздрогнула, но не показала свой испуг. 10. Она то добрая, то очень строгая . 

 

3 – жаттығу. Салалас құрмалас сөйлемдердің түрін ажырат.

   

        1. Ана әлдебіреу келер деп күтті, бірақ ешкім келмеді. 2. Жүріп келе жатқанда сөйлеу қиын ғой, сондықтан бұлар үндемей келеді. 3.Асан аттарды іздеп кетті де, Үсен жарты жолдан үйге қайтты. 4. Ән басылды, сонда да домбыра сазы тоқталған жоқ. 5.Дүкендерде я ет жоқ, я май жоқ, ал базарда бәрі бар. 6. Теледидардан соңғы хабарды біресе орыс тілінде, біресе қазақ тілінде берді.     7. Махамбеттің қайда тәрбие алып, оқығаны туралы дерек жоқ, дегенмен архив деректеріне қарағанда ол мұсылманша да, орысша да жақсы білген. 8. Саған ашып айтарым сол: мен осында  қаламын.   

                                                 

 Он сегізінші сабақ

    

                                     Тақырып: «Сабақтас құрмалас сөйлем»

 

          Сабақтас құрмалас сөйлемнің  схемасы, жұрнақтары, сұрақтары                                    

                                                          

 

     

               Мен келсем,                                                                       ол кетіп қалыпты.

незаконченная форма

 

Тапсырмаларды орындау

 

1 – жаттығу. Төмендегі сабақтас құрмалас сөйлемдерді түрлеріне қарай ажыратыңдар.

 

1.         Бірлік болмай, тірлік болмас (мақал).

2.         Мен саған сенбесем, бұл сырымды айтпас та едім ғой (Ә. Әбішев).

3.         Екі мырзаның қаспағында отырса да, Құнанбайдың сыртынан соңғы сөзін қатты айтып қалды (М. Әуезов).

4.         Қыс қыстаулары басқа болғанмен, жаз көбіне бірігіп отырады (Б. Майлин).

5.         Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл (мақал).

6.         Абай үйге кіргенде, Әбіш конверттегі бар қағазды оқып шыққан еді (М. Әуезов).

7.         Базаралы келгеннен соң, көп кешікпей істің тергеуі басталып кетті (М. Әуезов).

8.         Ол мезгілді уақытында келе алмай, бір біраз кешігіп қалдық (З. Шашкин).

9.         Қоңыраулары шылдырап, үлкен күймелер тройкалары лек-легімен келеді.

10.       Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді (М. Әуезов).

11.       Қыстың ызғары өтпеу үшін, қоңыз інді терең қазады.

 

2 – жаттығу. Қазақ тіліне аудар.

 

            Когда учитель пришел в класс, ученики встали со своих мест. Пока не пришел учитель по казахскому языку, ученики повторяли домашнее задание. Хотя уже скоро полдень, но идущие еще не убавляются. Хотя на небе нет тучи, но идет дождь. Будто впервые увидели классного руководителя, Серик никак не может закончить свой рассказ. Чтобы жить хорошо, надо хорошо работать. Так как в этом году было много дождей, всходы были прекрасные. Если еще на пять  минут опоздала, ученики ушли бы. Открываясь двери классов, ученики выходили на улицу.

 

       3 - жаттығу. Сөйлемдерден қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп жаз.

         

1. Көп жыл өмір сүрсем де, аз секілді білгенім. 2. Төле би XVII – XVIII ғасырларда өмір сүріп, Тәуке ханның тұсында  «Жеті жарғы» заң жобасын жазады. 3. Адамдар көп жиналса да, жиналыс бастала қоймады. 4.Күз түскендіктен, ағаштың жапырақтары сарғая бастады. 5. Жаңа келген адам болған соң, Есен өз білгенін айтып берді. 6. Көктем келіп, қар еріп, күн жылынды. 7. Әркім әр түрлі айтқанмен, барлығының ойы бір жерден шықты.

 

Аралас құрмалас сөйлем.

 

            Кем дегенде үш предикатив сыңардан құралып, олардың бірі саласа байланысса, бірі сабақтаса байланысатын құрмалас сөйлемнің түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: Жүністің үстінен бір бет қып материал жіберді, ол шығар болса, бірсыпыра кісілер қараланбақ. (Б. Майлин). Бұдан былай су мезгілінде келмесе, осы Қарағандыға не сен тұрасың, не мен тұрамын. (Ғ. Мұстафин).                

                                           

Тест сұрақтарын орында.

 Салалас құрмалас және сабақтас құрмалалас сөйлемдерді қайталау.

 

1. Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсет.

   А) Ойымдағыны айтпақшы едім, ол кетіп қалды. В) Сабағыңды жаман оқып, мені ұятқа       қалдырма. С) Қазір сабағыңды жақсы оқысаң, ертең «5» аласың. D) Бүгін жаңа ай туды..

  Е) Кітабын оқып боғандықтан, досына бере салды.

2.  Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсет.

   А) Еңбек ана – білім қазына. В) Ексең егін, ішерсің тегін. D) Шіркіннің киген киімінде

   бір кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше. D) Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келе-

   ді.   Е) -- Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы.

3. Ыңғайласа байланысқан бірыңғай мүшелі сөйлемді тап.

    А) Біздің үйге Дүйсен де, Бейсен де келеді. В) Асқар бүгін не ертең келеді. С) Алды-    

    мызда бір төбе бар еді. D) Мөлшерден қателескен жоқ едім. Е) Қарағым, бері кел.

4. Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсет.

    А) Қыс. В) Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады.С) Қақпан – қасқыр,                                                                                               түлкі, борсық сияқты аңдарды аулауға арналған құрал, асыл темірден жасалады.

    D) Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке келді. Е) Серёжа мен шешесі дұшпанның

    шеңгеліне ілікпес үшін, оны аудан орталығы халқымен бірге темір жол станциясына

    жөнелтеді.  

5. Қарсылықты салалас сөйлемді көрсет.

    А) Ол дауыстарының шуылдамай , үйлесімді шығуын талап етті. В) Арай хат жазып ке-

     тіпті. С) Ардақ Саятты күтті, бірақ ол келмеді. D) Бүгін менің жалғыз інім келеді.

     Е) Не істесем де, алдыма қойған мақсатқа жетуім керек.

6. Салаласқа енген жай сөйлемдер « бірақ», « өйткені», «сондықтан», «дегенмен»,

    «алайда» деген жалғаулықтармен келгенде қойылатын тыныс белгісін тап.

    А) Жалғаулықтардан соң үтір, сызықша. В) Жалғаулықтардан бұрын үтір. С) Еш нәрсе

    қойылмайды. D) Жалғаулықтардан кейін үтір. Е) Жалғаулықтардан бұрын сызықша.

7. Қарсылықты салаласты тап.

    А) Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер. В) Мен бұл арада үндемедім және үндеуді

     қажет көрмедім. С) Балалар мектептен келе жатыр. D) Теңіз тынышталды, бірақ еш

     нәрсе көрінбейді. Е) Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңда –

     лады.

8.  Кезектес салалас құрмалас сөйлемді көрсет.

     А) Я алқымда булығып ашу тұрды, я көңілде жаңа бір үрей тұрды. В) Сабырлы Олжа –

     бектің сасқаны сонша – орнынан  атып тұрды.  С) Оқуға баруды армандаймын, сондық-

     тан көп оқимын.  D) Қолың қатты дейді, қорқып тұрмын. Е) Бірде ол да ақтарыла

     салатындай жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді.

9.   Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақыт та қонбайды.

      Алғашқы үтір неге байланысты қойылған, дұрысын тап.

      А) Мезгіл бағыныңқылы сабақтас. В) Шартты бағыныңқылы сабақтас. С) Түсіндірмелі

      салалас. D) Қимыл-сын бағыныңқы сабақтас. Е) Қарсылықты бағыныңқы.

10. Кезектес салаласты көрсет.

А) Біз асыға кірдік. В) Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды, құрғақшылық жылы , олар тартылып қалады. С) Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып жүреді. D) Қалада жаңа үйлер салынды. Е) Күн сайынғы бір жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.

   

Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

(Қосымша тапсырма)

1. Үшеуі қосылып өлең айтты. Жалқаудың ертеңі бітпес. Ертең канал қазу жұмысы басталады.

 

2. Ұлы ақын-жазушылар өздерінің шығармаларында барлық адам баласына ортақ, біріне бірдей керегі бар мәселені алып жазады. Мен жазда барғанда, Сәкен бөлмесінде жоқ екен.

 

3. Қазақстан егеменді ел атанғанда, отандастарымыз да риза болды.

 

4. Байқаймын жалғыз Дариға емес, ауданға тосыннан келген жас командирге көп-ақ жұрт қызыға қарайды.

 

5. Кетерде маған еш нәрсе айтқан жоқ, тек хат салып рұқсат сұрады.

 

6. Мен күткен хабар почтадан емес, басқа жақтан келді. Әрине, ол үйге мен өз бетімен именбей барып, тұра алмадым, бірақ оның есесіне, Зылиқаның өзі менімен жиы кездесіп қала берді.

 

7. Той тарқап, көңіл қызуы басылған соң, қиялымдағы ғашығым ғайып болды да, қасымда шала таныс жігіт қалды.

 

8. Кітап оқып бара жатыр едім, сүрініп, жығылып қала жаздадым. Көңіліңді тыныштыққа, бейбіт рахатқа бөлейді.

 

9. Жапан далада жан-жағынан алақтап жалғыз әйел жортып барады.

 

10. Білегі жуан бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. Әділханның ағасы сонда. Біз төртеуміз.

 

11. Машина баяу жүріп келе жатыр. Ол музыканы, ән-күйді жақсы көретін адам еді.

 

12. Жақсы – ісімен жақсы. Бұл – ауылдың жиі отыратын жағы еді. Біз оқуға бел байладық.

 

13. Кімде ұят болса, сонда ар бар. Үй ортасын тең етіп бөлген.

 

14. Тұнжыраған қарақаттай екі көзі жаутаңдап мөлдірейді де тұрады. Ахмет оның жүзіне қарап қояды да, сөйлей береді.

 

15. Құлақ естігенді көз көреді. Марат келе жатқандарға маңқия қарады.

 

16. Қара торы, ақ жақты, сұңғақ бойлы адам балуан екен. Оспан мұнау қимылға тіпті сүйсініп кетті.

 

17. Қайталау – оқытудың анасы. Мұнара үстіндегі жалау алыстан көз тартады.

 

18. Мен қазір бұл өмірді жасаушылардың қатарындамын. Өскен сайын электр станциясы салынуда.

 

19. Мұнда құлазыған (пустующая) дала да, көгорай шалғын да, ну орман да кездеседі.

 

20. Қонақ үйде дөңгелек үстел үстінде, қызғылт, күңгірт сәулесі бар тас шам шанып тұр.

 

21. Ашыққан жылқы кетпендей тұяғымен қалың қарды бұрқ-бұрқ лақтырды.

 

22. Ғалымның пайда болуы, дамуы мен өркендеуі қоғамның даму процессімен тікелей байланысты.

 

23. Тапқышбек электронды есептеу машиналарының әр түрлі болатынын айтты.

 

24. Ұқыпты оқушы жинақы, тәртіпті болады. Керекті заттары әр уақытта өз орнынан табылады.

 

25. Ол сөзімен, жырымен, ақылымен халыққа қызмет етті. Қазақ халқының өмірінде бата ерекше орын алады. Уәзір оған тіл әкеліп береді. Осы кезде Ерасыл қолына найза алып, қабандармен айқасып, оларды өлтіреді. Дина осы домбырамен 1939 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық байқауға қатысты. Ол 1803 жылы кедей отбасында өмірге келген. Жігітті жолдасына қарап бағала. Ол қырғыз елін зерттеу мақсатымен Қашқарияға саяхат жасады.   

 

 

Синтаксис